Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Студенттерге өндірістік тәжірибеден өту міндеттеледі

Студенттерге өндірістік тәжірибеден өту міндеттеледі

Қазақстанда студенттердің екінші курсынан міндетті өндірістік тәжірибеден өту заңмен бекітілді. Бұл жұмыс берушілердің тәжірибеден өтуге жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, кадр дайындайтын ұлттық компаниялар мен кәсіпорындаржың жауапкершілігін арттырады. Аталған өзгерістер "Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрсетілген.

Құжат сәрсенбі күні, 27 мамырда Парламент мәжілісінің алғашқы оқылымында мақұлданды. Сонымен қатар, мемлекеттік аттестация тек мектепке дейінгі және мектеп білімі негізінде ғана жүргізілетін болды. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білім беруде аккредитация енгізіледі. Лауазымды мекеменің құзіретінен техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік аттестация жүргізуді алып тастау ұсынылды. Аталған норма 2017 жылдың 1 қаңтарында енгізілетін болады. "Білім беру туралы" заңның 47-бабына мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алған азаматтардың мамандық бойынша оқу орнын бітірген соң кем дегенде 3 жыл жұмыс жасауы міндетті деген өзгеріс енеді.  

Похожие материалы