Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Студенттің сүйікті асы - «3 желания»   

Студенттің сүйікті асы - «3 желания»   

Кез келген тағамның дәмін келтіруші «3 желания» майонезі барлық отбасы асханасынан табылады. Аталмыш өнімді «Eurasian Foods» компаниясы шығарады. «Eurasian Foods Corporation» холдингі - Орталық Азия мен Қазақстандағы жетекші азық-түлік өндіріс орны. Халықаралық стандартқа сай 120 000 тонна май өндіретін көшбасшы зауыт. 

Бұрынғы Алматы маргарин зауыты, бүгінде елімізде үздік тағам тұздықтарын өндіруші «Eurasian Foods Corporation» АҚ майонез, кетчуп, өсімдік майы, қыша жасап шығарады. Жарты ғасырлық тәжірибесі бар зауыт 1962 жылы 11 маусымда ашылған. Қазақстанға «3 желания», «Шедевр», «Златые горы» және «Золотой стандарт» тағамдық брендімен танымал өнімдер, анығында «Eurasian Foods Corporation» холдингі арқылы жұмыс істейтін Ursem Holding AG деп аталатын швейцариялық компанияға тиесілі.

«Eurasian Foods Corporation» АҚ зауыты маргарин өнімдерімен тек Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстанды қамтамасыз етіп отырды. 1994 жылы мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасының арқасында зауыттың мемлекеттік үлесі 90%-ды құрайтын ашық типтегі акционерлік қоғам ретінде тіркелді. Кейін, 1996 жылы компания акциясының мемлекеттік пакеті швейцариялық Nakosta AG (Швейцария, Цуг қаласы) фирмасына сатылды. Қосымша акциялардан кейін Nakosta AG кәсіпорынның қарапайым акцияларының 100%-на ие болды. Сондай-ақ, Nakosta AG акциясының 90% мемлекеттік пакеті бұрынғы Қарағандылық маргарин зауытына (қазіргі - «Eurasian Foods» АҚ) сатылды.

1995-1996 жылдары Nakosta AG фирмасы 13 инвестициялық жекешелендірілген қорының «Сарыарқаполиметал» АҚ-тан (қазір – «Жәйрем таулы-байыту комбинаты» АҚ) қарапайым акциясының 51%-ын сатып алды. 1996 жылдың қыркүйегінде жекелешелендіру шеңберінде акцияның мемлекеттік пакетінің 39%-ын сатып алды. Өзгерістердің нәтижесінде, 1999 жылы Nakosta AG фирмасының жарғылық капиталының мөлшері мен құрылымы 95,1%-ға  дейін ұлғайды.

2000 жылы Nakosta AG бұл активтерді Ursem Holding AG маргарин зауытына және Olberg holding AG таулы-байыту комбинатына сатады. Екі компания да Швейцарияның Цуг қаласында тіркелген. 2004 жылы қыркүйекте «Жәйрем таулы-байыту зауыты» АҚ ENRC Евразиялық өнеркәсіптік қауымдастықтың құрамына кірді, ал ЕФК холдингін қазіргі кезге дейін Ursem Holding AG бақылайды.

[caption id="" align="aligncenter" width="394"]Студенттің сүйікті асы - «3 желания»    Фото: efc.kz[/caption]

Nakosta AG-ні сол кезде басқарған Абдул Куркаев, 1985 жылдан бастап Өмірзақ Сарсенов төрағалық еткен, Қазақ тұтыну одағында орталық аппаратта және жүйесінде жұмыс істепті-міс. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің ХІ және ХІІ жиналысына депутат боп сайланған, СССР Жоғарғы Кеңесінің халықтық депутаты (1989-1991 ж.ж.), премьер-министрдің кеңесшісі болған (2008 ж. бастап), «Eurasian Foods Corporation» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы (2006 ж. бастап) және т.б. болған.

Куркаев мырзаға келер болсақ, ол туралы ақпарат жоқтың қасы. Тек ресейлік БАҚ-та  Қазақстаннан келген Абдул Куркаев (1965 жылы туылған) «Салолин» химиялық май өндіру зауытының директорлар кеңесінің төрағасы, «ПроМет Акциенгезельшафт» швейцариялық компаниясының төрағасы ретінде әлдебір шешендік бизнесмен деп жазады. Ол туралы ресейлік БАҚ-та келесі жолдар жазылды: «Бұл керемет адам тек Қазақстанда емес, Украинада да танымал. Ол Швейцарияда, Австрияда және Араб Әмірліктерінде ізін қалдырған. 90-жылдардың басында ол металл және ферро қорытпа экспортымен, Донецк кәсіпорындарымен жұмыс істеген. Премьер Лазаренкомен достық қарым-қатынаста болған. Сосын Куркаев Ресейге өтіп, Лебединский ГОК үшін күресін жалғастырды...». Дегенмен, Қарағандылық маргарин зауытының директорлар кеңесінде Супьян Куркаевтың болғанын айта кету керек. Тағы бір Куркаев – Апти Султанович – Алматылық маргарин зауытының  директорлар кеңесінің құрамында болған. Қазір ол екі швейцариялық компанияның «Май» АҚ - ШҚО-ның 1 май зауытын, T&S ASE AG жарғылық капиталының 75%-ын және Obersee Holding AG – 23,7%-ын бақылап, ұстап отыр.

EFC-дің еншілес құрылымдарына келер болсақ, компанияның Бішкек, Омбы, Мәскеу қалаларында жеке меншік өкілеттіліктері бар. Қырғызстанда Шедевр өткізу компаниясының жарғылық капиталының 100%-ын (активтар: жер+өндірістік база) және 19%-ын оның еншілес құрылымы - «ЕФ Шедевр» басқарады. Қалған 81%-ы ресми ақпарат бойынша Қырғызстан резидентіне, «Шедевр» директорына тиесілі. Екінші иесінің аты және тегі өкінішке қарай еш жерде көрсетілмеген. Бірақ Қара-Балтық қалалық кенішінің сайтында 30 жастағы Қырғызстанның социал демократиялық партиясының депутаты Азамат Ажыматовтың жұмыс орны - «Шедевр» директоры деп көрсетілгені айтылады.

EFC, «Евразиан Фудс» АҚ (2006 ж. бастап), Mafuta GmbH (2007 ж. бастап), «Адвокаттық контора «Саят жолши и партнеры» (2008 ж. бастап) мемлекеттік мекемесімен біріктірілген.

«EFC»  зауыты  елімізде 1700-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұл компания жүйелі басқаруда сапа менеджменті, өнім қауіпсіздігі жүйесі, экология менеджмент жүйесі, денсаулық сақтау жүйесімен қамтылған.  Өнім шығарушы «EFC» АҚ  орны шығарылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін жіті бақылап, арнайы сертификатталған және өнімдерді жарамдылық мерзімі мен құрамын анықтайтын зерттеу орталықтарынан өткізіп отырады. Сондай-ақ, озық еуропалық жабдықтар арқылы тауарды қатаң микробиологиялық тексерістен өткізіп, бактериологиялық тазалығы оң нәтиже көрсеткен өнімдерді сатылымға шығарады. Компания сапалы өнімнің маныздылығы тұтастай адам өмірі мен денсаулығына қажетті және тұтыну көрсеткіші жоғары өнім болу үшін ізденіс үстінде. Сондықтан да халықаралық және Ұлттық сайыстарда өзге өндірушілер арасынан өн бойы алда тұр.  Мысалы, «Үздік өнім»  атағын, 2001 жылы «Жыл таңдауы» жеңісін, «№1 Майонез», «№1 Кетчуп», «№1 күнбағыс майы» номинацияларын иемденген. Дәстүрлі жыл сайын өтетін Ұлттық «Choice of the year» сайысының 2009 жылғы бірінші орын иегері, Қазақтандағы №1 Отандық май өндіретін  өндіріс орны саналды. Өнімдерге халықаралық тексеріс жүргізу барысында ешбір кемшіліксіз, арнайы талаптарға сай жұмыс істейтін, бәсекеге қабілетті өндіріс ретінде танылды. Компания инвестициясы 30 миллион АҚШ долларын құрайды. Компания тарапында 80 көлік, қала мен аймақтарға өнімді жеткізу мақсатында тоңазытқышпен жабдықталған 40 жүк көлігі бар. Қазақстанда 19 филиал және Қырғызстан мен Ресейде өндіріс өкілдіктері жұмыс істейді. Зауыт аймағында қала жүйесіне кірмейтін, жылу температурасын бірқалыпты ұстап тұратын жеке қазандықтары мен арнайы теміржол тармағы бар.  «Eurasian Foods Corporation» өнімі әлемнің ең үздік Корума (Швейцария), В ossar (Испания), Kosma (Австрия), Альфа-Лаваль және Кирфельд (Германия) зауыттарында қолданатын жабдықтармен тауарларды жасап шығарады. Қазақстанда тұтынушылар тарапынан сұранысы көп «Шедевр» және  «3 желания»  майы күніне 200 түрлі тауардан 200 тонна  өнім шығарады.

[caption id="" align="aligncenter" width="570"]Студенттің сүйікті асы - «3 желания»    Фото: sous.kz[/caption]

Қазақстан Республикасында холдингтің екі ірі тамақ өнеркәсібі жұмыс жасады. Олар Алматы қаласындағы «Eurasian Foods Corporation» АҚ және Қарағанды қаласы «Eurasian Foods» АҚ өндіріс орындары.

Похожие материалы