Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркияда 1 млн долларға үй алғандарға азаматтық беріле бастайды

Түркияда 1 млн долларға үй алғандарға азаматтық беріле бастайды

Анкара. 13 қаңтар. 7kun.kz - Түркия үкіметі еліне  үлкен көлемде қаражат түсіру үшін шет елдіктердің түрік азаматтығын алуына жеңілдіктер қарастыруда. Бұл туралы Daily Sabah жазады. 

Жаңа өзгеріс бойынша,  Түркияға инвестор болып,  2 миллион  доллар көлемінде қаржы салғандарға азаматтық берілуі мүмкін. Сондай-ақ 3 млн доллар деп бағаланған жылжымайтын мүлік алып, оны 3 жыл көлемінде қайта сатып жібермейтіндер үшін де осындай жеңілдіктер қарастырылады. Айта кету керек, бұл заң Түркияда бірнеше жыл алдын бұрын талқылана бастаған еді.

Сондай-ақ, заңдағы бұл түзетулер Түркияда кем дегенде 100 адамды жұмысқа орналастырған  бизнес иелері үшін азаматтықты алуға  мүмкіндік береді. Мамандар түрік елінінің азаматтығын алушы адамдарға  бұл елде  тұрақты түрде 5 жыл  өмір сүруі керек екенін және  уақытының көбі елдің территориясында өту керектігін айтады.

 2016 жылы  Түркия елі жылжымайтын мүлік саласында әлемде көш бастап тұрған. Бірақ, елдің соңғы саяси жағдайлары мен террорлық қақтығыстары шет елдіктердің Түркияға қызығушылығын күрт төмендетті деп жазады жергілікті басылымдар.

Зүбайра ЖОРАБЕК "7"

Похожие материалы