Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тағы 1 миллионға жуық қазақстандыққа МӘМС жарнасын мемлекет төлейді

Тағы  1 миллионға жуық қазақстандыққа МӘМС жарнасын мемлекет төлейді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда шамамен 1 миллионға жуық азамат үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын мемлекет төлейді.

Бұл топқа өздігінен жарна төлеуге мүмкіндігі жоқ және ресми тіркелген жұмыссыздар кіреді.

Қазіргі таңда елде 17 миллион адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған, оның 12 миллионы – жеңілдік санатындағы азаматтар (балалар, студенттер, жүкті әйелдер, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі адамдар). Ал 4,5 миллион адам жарнаны өздері төлейді, тағы 3 миллионнан астам адамның мәртебесі жоқ.

МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар тегін зертханалық талдаулар, жоспарлы операциялар, дәрігер кеңесі, емдеу және оңалту қызметіне жүгіне алады. Мәртебені eGov, Qoldau 24/7, SaqtandyryBot және мобильді қосымшалар арқылы тексеруге болады.

Ұқсас материалдар