Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 381,13 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 381,13 теңге

Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 381,13 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (381,90 теңге/$1) ұлттық валюта 0,77 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 381 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 381,22 теңге, жабылу курсы бір долларға 381,05 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 58 млн 400 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 126.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 382 теңге, Алматыда – 382,1 теңге.

Ұлттық Банктің 30 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 381,94 теңгені құрайды.

Похожие материалы