Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгелік депозит бойынша өтемақы төлеуге қатысты толық ақпарат

Теңгелік депозит бойынша өтемақы төлеуге қатысты толық ақпарат
Теңгелік депозиттерге қатысты сұрақтарыңыз болса, төмендегі жауаптарды оқып көруді ұсынамыз. 
Сұрақ: Жауап:
      Мен Арнайы депозитті қашан аша аламын?   - 2015 жылдың 15 қыркүйегінен кейін өзіңізге ыңғайлы уақытта банк бөлімшелеріне барасыз. Арнайы депозитті ашу 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін.  
Арнайы депозитті қандай сомаға аша аламын?   - 2015 жылдың 18 тамызына дейін депозитіңізде бар 1 млн теңгеге дейінгі сомаға аша аласыз.  
    Бағам айырмасын қашан төлейді? - Төлем уақыты – 2016 жылдың 10 қазанына дейін. Төлем арнайы депозиттің есебіне түседі, бірақ ол үшін сіз депозитті жаппауыңыз керек.
      Төлем мөлшері қандай болады?   -2015 жылдың 18 тамызы мен 2016 жылдың 30 қыркүйегі арасындағы бағамдардың БАРЛЫҚ айырмасы төленеді. Бағам айырмашылығының өтемақысын есептеу формуласы: Бұл жерде: - - төлемге тиісті бағам айырмашылығының сомасы:            -Т2 – 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі теңгенің долларға курсы. -Т1 – 2015 жылдың 18 тамызындағы теңгенің долларға курсы. - бағам айырмашылығы төлеміне тиісті депозит сомасы;
  Менде теңгедегі бірнеше депозиттер бар ма? - Банкте бірнеше депозитіңіз болса, әрқайсының қалдықтары 1 млн теңгеден аспайтын болса, бағам айырмасының төлемі әр депозитке төленеді.
    Жаңа Арнайы депозиттен ақша ала аламын ба? -Жоқ. 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін шешіп ала алмайсыз. Себебі, 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі ашылуға дейін ақша сақталған жағдайда ғана төлем жасалады.  
        Арнайы депозитті толықтыра аламын ба? -Жоқ, 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Арнайы депозитті толықтыруға болмайды. Өйткені, қажет болған жағдайда оны шешіп алу мүмкін емес. Толықтырғыңыз келсе, банктен басқа депозит ашуға болады.
  Арнайы депозиттегі ақшамның бір бөлігін жауып/шешіп ала аламын ба?   -Егер сіз 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Арнайы депозиттегі ақшаңыздың бір бөлігін жабатын немесе шешіп алатын болсаңыз, бағам айырмашылығы бойынша өтемақы ала алмайсыз.
        Егер 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі бағам 2015 жылдың 18 тамызындағы бағамнан аз болса ше? - Бұл өтемақы салымшылардың теңге құнсызданған жағдайда ақшаларын жоғалтып алмауы үшін керек. Егер бағам тіпті 300 не одан да жоғары болса да, сіз ештеңе жоғалтпайсыз. Сіз барлық айырманы аласыз. 2015 жылдың 18 тамызымен салыстырғанда теңге нығаятын болса, төлем жасалмайды. Салымшының барлық қаражаты есебінде қалады. Қай жағдайда болмасын, банк пайыздары 10%-дан есептеледі.    
  Президент өтемақы 2015 жылдың 20 тамызына дейін, 255 болған кезде төленеді деген еді. Қазір шарттар өзгерді ме?   -Бағдарлама шарттары жақсартылды.3 күнге өтемақы жасап, 1 жылға қатырып қою дұрыс емес. Бір жылдан кейін бағам қандай болары белгісіз. Мына жағдайда ақшаларыңыз құнсызданудан сақтаулы. 
Бағам айырмашылығы өтемақысын алу үшін Арнайы депозит бойынша пайыздар есептеуі жүргізіледі ме? -Иә, әрине. Максимал мүмкін болатын мөлшерлемеде салынып отырады. Бүгінде оның көлемі - 10%.  
Төленген бағамдар айырмашылығына пайыздар қосыла ма?   -Жоқ. Арнайы депозит бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме есебі төленетін бағам айырмашылығының есебінсіз жүргізіледі.
Депозит сақтандырыла ма?   -Иә. Қазақстанның депозиттерді кепілдеу қоры сақтандырады.
Егер Арнайы депозит ашу үшін маған ағымдағы депозитімді жабу керек болса, пайыздарды жоғалтып аламын ба? -Жоғалтпайсыз. Арнайы осы бағдарлама үшін капиталдандырылған пайыздар сомасы алынбайды. Осылайша, ағымдағы депозитіңізден барлық соманы шешіп алып, Арнайы депозитке сала аласыз.  
Егер мен банк бөлімшесіне бармасам және 2015 жылдың 1 қазанына дейін арнайы депозит ашпасам не болады? -Депозитті қайта рәсімдеу мерзімінен кешігіп қалған жағдайда, бағам айырмасы жүргізілмейді.
2015 жылдың 1 қазанына дейін ауырған себепті, мүгедектікке байланысты т.б себеппен банкке бара алмай қалсам ше?   -Олай болған жағдайда Арнайы депозит ашу мерзімі 2015 жылдың 30 қазанына дейін болады. Банкке мерзімнен кешігу себебін түсіндіріп, тиісті растайтын құжаттарды жолдап, хат жазуыңыз керек   Өтініш-хатты банк қарастырады. Оң шешім қабылданса, сіз Арнайы депозит ашасыз. Мерзімнен кешіккен тұтынушы арнайы депозит сомасын 30.10.2016 жылға дейін шешіп ала алмайды.  
Депозитті сенімхат арқылы қайта рәсімдеуге бола ма? -Иә, егер сенімгерге сенімхатта қайта рәсімдеуге рұқсат болса.  
Салымшы 2015 жылдың 1 қазаны мен 2016 жылдың 30 қыркүйегі аралығында салымшы өмірден өтсе, не болады? -2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Арнайы депозит сақталған жағдайда бағам айырмасы өтемақысы мұрагерлеріне жасалады
2016 жылдың 30 қыркүйегінен соң депозиттің жағдайы не болады? -Арнайы депозит стандарт икемді депозитке айналады. Сіз толықтырып, шешіп алып, өзге де операцияларды жүзеге асырсаңыз болады.
МЫСАЛДАР:
1-мысал: 18.08.2015ж. депозиттегі қалдық - 1 000 000 теңге. 19.08.2015ж. Клиент депозитті 600 000 теңгеге толықтырып, қалдығын 1 6000 000 теңгеге көбейтті. Ары қарай есеп шот бойынша өзгерістер болмады. Клиент 1 000 000 теңгеге жаңа Арнайы депозит ашамын деп шешті. Бағам айырмасы өтемақысы Арнайы депозиттегі қалдықтың шегінде 1 000 000 теңге көлемінде жасалады.
2-мысал: 18.08.2015ж. депозиттегі қалдық - 1 000 000 теңге. 19.08.2015ж. Клиент депозиттен 400 000 теңге шешіп алды. Яғни, қалдығы 600 000 теңге болып азайып қалды. 20.08.2015ж. Клиент депозитін 200 000 теңгеге толықтырып, қалдығын 800 000 теңгеге көбейтті. Ары қарай есеп шот бойынша өзгерістер болмады. Клиент 18.08.2015-тегі қалдықтан аз сомаға, яғни 800 000 мыңгеге Арнайы депозит ашамын леп шешті.   Бағам айырмасы өтемақысы Арнайы депозиттегі қалдықтың шегінде 800 000 теңге көлемінде жасалады.
3-мысал: 18.08.2015ж. депозиттегі қалдық - 1 000 000 теңге. 19.08.2015ж. Клиент депозитін жауып тастады.   Бағам айырмашылығы өтемақысы 18.08.2015-тегі қалдық шегінде жасалады. Бірақ, ол үшін 1 000 000 теңге көлемінде Арнайы депозит ашылуы шарт.
4-мысал: 18.08.2015ж. депозиттегі қалдық - 500 000 теңге. 19.08.2015ж. Клиент депозитке 475 000 теңгені USD  валютасына айырбастап салды. Бағам айырмашылығы өтемақысы 18.08.2015-тегі қалдық шегінде, яғни 500 000 теңге көлемінде төленеді. Ол үшін 500 000 теңгеге Арнайы депозит ашу міндетті.
5-мысал: 18.08.2015ж. депозиттегі қалдық – 3 000 000 теңге.. Ары қарай есеп шот бойынша өзгерістер болмады Бұл Клиент бағам айырмашылығы өтемақысын жасау шарттары бойынша сәйкес келмейді!
  ***

Похожие материалы