Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

TED ұсынады: ойлау жүйесін өзгертетін 7 дәріс

TED ұсынады: ойлау жүйесін өзгертетін 7 дәріс

Көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауапты TED ұсынған дәрістерден табуға болады. Назарларыңызға түрлі құбылыстардың адам санасына әсері, алаяқтардың айласы жайлы талқыланған, ойлау жүйеңізді өзгертетін 7 дәрісті ұсынамыз.

1. Эволюция біздің санамызға қалай әсер етті?

[caption id="" align="aligncenter" width="640"]TED ұсынады: ойлау жүйесін өзгертетін 7 дәріс Фото: a.abcnews.com[/caption]

Бо Лотто дәрісінде адам миының ақпаратты контекстке байланысты өзгеше қабылдайтындығын ескеріп, қарапайым оптикалық ойындардың арқасында тыңдармандарға мидың жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсетеді. Қарапайым түстердің санамызға әсерін анықтап, олардың эволюциямен арақатынасын жақынырақ білгіңіз келсе, дәл осы дәрісті көруге кеңес береміз.

https://youtu.be/mf5otGNbkuc

2. Алаяқтар айласы

[caption id="" align="aligncenter" width="1200"]TED ұсынады: ойлау жүйесін өзгертетін 7 дәріс Фото: dzerginsk.by[/caption]

Бүгінгі күні алаяқтардың адамдарды алдау үшін қолданбаған әдісі жоқ шығар. Олар соңғы жылдары экстрасенстің кейпін киіп, адамды тақырға отырғызуды жиілеткен. Бұл дәрісте сиқыршы сынды бізді алдап, айласын асырып жүрген алаяқтар жайлы айтылған. Сиқыршылардың жұмысы қуаныш сыйласа, алаяқ экстрассенстердің айласы шығынға алып келеді. Джеймс Ранди тыңдармандарға экстрассенстің атын бүркенген алаяқтар мен астрологтардың жиі қолданатын тәсілдерін түсіндірді. Егер алаяқтықтың құрбаны болғыңыз келмесе, дәрістегі айтылған кеңестерді біліп жүріңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=c0Z7KeNCi7g 3. Саунд-дизайнерлер қандай әдісті қолданады? [caption id="" align="aligncenter" width="1600"]TED ұсынады: ойлау жүйесін өзгертетін 7 дәріс Фото: cdn2.hubspot.net[/caption]

https://www.youtube.com/watch?v=6liIKYeUzaY

Әрбір киноны дыбыс эффектілері көркемдеп, әсемдеп тұратыны белгілі. Фильмді дыбыссыз көру қолайсыз. Ал сол кинодан естіп жүрген дыбыстардың басым бөлігі жалған екенін білесіз бе? Режиссер және оның командасы фильмнің әр бөліміне қажетті дыбысты шығару үшін біз ойлағаннан да қарапайым тәсілдер мен құрылғыларды пайдаланады. Мысалы, фильмде жаңбырдың дыбысын шығару үшін қазанға етті қуырады екен. Бүгінгі күні гаджеттер, технологиялар дамыған дыбысқа қосымша эффектілер қосылады. Киноны көргенде сіздің миыңыз оны қуырылып жатқан еттің емес, қарапапайым жаңбырдың дыбысы деп түсінеді. Тыңдармандарға осыған ұқсас мысалдарды көрсетіп, Тасос Франколас дәрісінде адам миының жалған ақпаратты оңай қабылдайтындығын дәлелдейді.

4. Күрделі есептеулерді ойша тез есептеу мүмкін бе?

[caption id="" align="aligncenter" width="1280"]TED ұсынады: ойлау жүйесін өзгертетін 7 дәріс Фото: i.ytimg.com[/caption]

https://www.youtube.com/watch?v=M4vqr3_ROIk

Артур Бенджамин математика мен сиқырды жақсы көреді. TED сахнасында ол калькуляторлармен жарысып, құрылғыға қарағанда есептерді ойша тез шығаруға көмектесетін әдістерді ұсынады.

5. “Айподпен” өзіңізді сиқыршы сезініңіз

[caption id="" align="aligncenter" width="590"]TED ұсынады: ойлау жүйесін өзгертетін 7 дәріс Фото: slate.com[/caption]

Иллюзионист Марк Темпестаның қозғаған тақырыбы — өтіріктің өмірдегі және өнердегі орны. Дәрісте ол “Айподтың” бірден үш экранын пайдаланып, таңғажайып туындылар жасауды үйретеді.

https://www.youtube.com/watch?v=fumsXEuiLyk

6. Сіз өзгеден немен ерекшеленесіз?

[caption id="" align="aligncenter" width="620"]TED ұсынады: ойлау жүйесін өзгертетін 7 дәріс Фото: images.techhive.com[/caption]

Психологтар қоғамға мінездеме бергенді жақсы көреді. Адамның мінезіне, болмысына деген қызығушылықтан Швейцария психологы Карл Густаф Юнг адамдарды болмысына қарай интроверт пен экстравертке бөлді. Интроверт қоғаммен байланысқа сирек түсетін тұйық мінезді болса, экстраверт оған қарама-қайшы тұлға. Брайан Литтл адамдарды интроверт, экстроверттерге бөлумен шектелмейді. Адамдар жайлы жаңа дүниені білуге тырысады. Қандай екенін білгіңіз келсе, дәрісті қарап шығуға кеңес береміз.

https://www.youtube.com/watch?v=JUrei_9aVl8 7. Біз интеллектуалды ойындарды неге жақсы көреміз? [caption id="" align="aligncenter" width="620"]TED ұсынады: ойлау жүйесін өзгертетін 7 дәріс Фото: img2.tvtome.com[/caption]

Сиқыршы және The New York Times газетіндегі сөзжұмбақтардың авторы Дэвид Квонгтың пікірінше, адамның бойындағы ең маңызды импульстердің бірі— берілген тапсырманы шешуге деген құштарлық. Бұл импульстердің арқасында адамның жаңа дүниені білуге, үйренуге деген қызығушылығы артады екен. Егер интеллектуалды ойындар мен сөзжұмбақтар жайлы қызықты ақпаратпен таныс болғыңыз келсе, Дэвид Квонгтың сөзіне құлақ түріңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=_qCWAsd2GP8

Похожие материалы