Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге бағамы нығайды

Теңге бағамы нығайды

Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,06 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,42 теңге / $1) ұлттық валюта 0,36 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,40 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,40 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 41 млн 850 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 106.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 379 теңге, Алматыда – 380,2 теңге.

Ұлттық Банктің 24 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,54 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы