Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 386,67 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (385,48 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 1,19 теңгеге арзандады.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 387,8 теңге, Алматыда – 388,9 теңге болды.
Ұлттық банктің 18 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 385,42 теңгені құрайды.