Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Trigana Air Service әуе компаниясы қайтыс болғандардың отбасына 90 мың доллардан төлейді

Trigana Air Service әуе компаниясы қайтыс болғандардың отбасына 90 мың доллардан төлейді

Индонезиялық Trigana Air Service әуе компаниясы Папуа аймағындағы апаттан қайтыс болғандардың отбасына 90 мың доллардан төлейді. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

"Заңды мұрагерлерге өтемақы төлеу алдағы 3-4 апта ішінде басталады", - деп жазады басылым  әуе тасымалдаушы өкілі Бенни Сумариантоға сілтеме жасап. Оның сөзінше, бұл өтемақыдан бөлек құрбан болғандар отбасына сақтандыру компаниясы 7,2 мың доллардан береді. Айта кетейік, 16 тамыз, жексенбі күні Индонезияда Джайпур-Оксибил маршруты бойынша ұшқан ATR 42-300 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 49 жолаушы және 5 экипаж мүшесі қайтыс болды. Сондай-ақ ұшақта кедей отбасыларға арналған 470 мың.доллар жәрдемақы болған. Алдын-ала мәліметі бойынша, ұшақ тауға соқтығысуы мүмкін. Ұшақ апатының нақты себептері әлі белгісіз. Белгілісі, лайнер 30 жыл қолданыста болған. Оксибил қаласы маңындағы таулы аймақтағы іздеу жұмыстары 54 мәйіт пен ұшақтың "қара жәшігі" табылғаннан кейін аяқталды. Ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің басшысы Бамбанга Соэлистидің хабарлауынша, алдағы бірнеше күнде апат орнында тергеушілер мен полиция жұмыс істейді.

Похожие материалы