Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Түркістаннан Өзбекстанның үш қаласына жаңа әуе рейстері ашылды

Түркістаннан Өзбекстанның үш қаласына жаңа әуе рейстері ашылды

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 желтоқсаннан бастап SCAT әуе компаниясы Түркістаннан Бұхара, Үргеніш (Хиуа) және Самарқанд қалаларына тұрақты рейстерді іске қосады.

Әр бағыт бойынша аптасына үш рет орындалатын рейстердің билет құны – бір бағытқа 40 мың теңге.

Жаңа әуе қатынастары бастапқы кезеңде субсидияланады. Бұл бастама туризмді дамытуға, Ұлы Жібек жолы қалаларын ілгерілетуге және өңірлер арасындағы көлік байланысын күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігі Орталық Азияның Жібек жолы бойынша ортақ маршрут тұжырымдамасын әзірледі. Самарқандқа алғашқы тур Kompastour компаниясымен бірлесіп іске қосылды, ал басқа туроператорлармен келіссөздер жалғасып жатыр.

Ұқсас материалдар