Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркиядағы жер сілкінісі: 23 адам қаза тауып, 420 азамат жарақат алды

Түркиядағы жер сілкінісі: 23 адам қаза тауып, 420 азамат жарақат алды

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – Түркияда болған алапат жер сілкінісі салдарынан 23 адам қаза тауып, 420 азамат жарақат алды және 140 ғимарат қираған, деп хабарлайды 7kun.kz.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

 Анадолы мәліметінше, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылуда.

Похожие материалы