Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркиялық компаниялар Павлодар облысына 25 млн доллар инвестиция салуға ниетті

Түркиялық компаниялар Павлодар облысына 25 млн доллар инвестиция салуға ниетті

Түркиялық Pensan A.S. және Avrupa Peyzaj Ltd компаниясы Павлодар облысында өз бизнестерін орнықтыру мақсатында аймаққа 25 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Kaznex Invest агенттігінің инвестиция және экспорт жөніндегі басқарушы директоры Нұриддин Аманқұл мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Павлодар облысына Pensan A.S. және Avrupa Peyzaj Ltd деп аталатын екі бірдей түрік компаниясы қызығушылық танытып отыр. Олар қарындаштар пен қаламдар және ойын мен спорт алаңдарына қажетті заттарды шығарумен айналысады, - деді Нұриддин Аманқұл журналистермен кездесу барысында.

Оның сөзінше, аталған компаниялар аймақтың Ресей нарығына жақын болуына және Манғолияға шығу мүмкіндігіне, арзан электр энергиясына, жұмыс күшіне қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, түркиялық бизнесмендер облыстағы химия және металлургия саласындағы өндіріске қызығушылық танытуда.

Айта кетейік, Павлодар облысынан Түркияға полипропилен жеткізіледі. 2015 жылы жеткізу 3 млн долларды құрады (2014 жылы – $ 5,5 млн).

Похожие материалы