Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украинаның сыртқы қарызы 100 млрд долларға жетеді

Украинаның сыртқы қарызы 100 млрд долларға жетеді

Украинаның мемлекеттік қарызы 2020 жылы 2,27 трлн гривенге (103 млрд доллар) жетеді. Бұл туралы Халықаралық валюталық қордың  (ХВҚ) меморандумының қорытынды есебінде жазылған.

Мемлекеттік қарыздың жалпы көлемі 2 есе өседі. Қазір оның құны - 1,27 трлн гривен (57,7 млрд доллар), оның ішінде сыртқы мемлекеттік қарыз - 1,4 трлн гривен, ішкі мемлекеттік қарыз - 863,6 млрд гривен.

ХВҚ-ның болжамы бойынша, 2015 жылдың соңында Украинаның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нен 94 пайызға өседі. Осы нәтиже арқылы мемлекет дамыған елдердің арасындағы Ливан, Ямайка және Африка елдерінен кейінгі ең ірі қарызгерлердің тізіміне енеді.

Айта кетейік, осыған дейін ХВҚ Украинаға 5 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек берген еді.

Похожие материалы