Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Volkswagen-нің бұрынғы топ-менеджері 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Volkswagen-нің бұрынғы топ-менеджері 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz - Volkswagen-нің бұрынғы топ-менеджері Оливер Шмидт автокөліктердегі қоршаған ортаны ластайтын газды әдейі азайтып көрсеткен деген айыппен АҚШ-та 7 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды The New York Times. Заңгерлердің есебі бойынша, Шмидт 169 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін болған екен. 48 жастағы Оливер Шмидт Германия азаматы, бірақ бірнеше жылдан бері Volkswagen-нің Мичигандағы экологиялық талаптарға жауапты инженерлер бөлімін басқарады. Оған билікті және АҚШ халқын алдады деген айып тағылған. Тамыз айында Шмидт өз кінәсін мойындады. Сондай-ақ, компания басшылығының бұйрығымен ғана жұмыс істегенін айтты. Шығыс Мичиган округтік судьясы Шон Кокс автоконцерн және оның басшылығының қылығын АҚШ-тың экономикалыұ жүйесіне жасалған ірі қылмыс екенін мәлімдеді. Шмидтің түрмедегі мерзімі аяқталған соң өз қалауымен Германияға депортацияланады. Сонымен қатар, ол 400 мың доллар айыппұл төлейді.

Похожие материалы