Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытайлық кәсіпкер қазақстандық жобаға 320 млн доллар көлемінде инвестиция салады

Қытайлық кәсіпкер қазақстандық жобаға 320 млн доллар көлемінде инвестиция салады
Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - Кеше Астанада «Kazakh Invest» компаниясы басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қытайдың «Qifeng New Material» компаниясының басшысы Ли Хуфенгпен кездесті. Кездесу барысында қамыстан целлюлоза және қағаз өндіріп шығару жобасын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Инвестор жобаға кезең-кезеңмен 320 млн доллар салуды жоспарлап отыр. Іске асырылған жағдайда қамыстан целлюлоза және қағаз өндірісінің көлемі жыл сайын 200 мың тоннаны құрайтын болады. Фабрикаға 2 мыңнан аса адам жұмысқа алынады деп жоспарланады. Өндірісте қағазды ағартудың хлор құрамынсыз экологиялық технологиясы  – ECF (Elementary Chlorine Free) маркерлеуімен қолданылатын болады. «Qifeng New Material» өкілдері шетелдік компанияларға ұсынылатын инвестициялық преференциялармен танысты. «Kazakh Invest» компаниясының өкілдерімен бірлестікте жобаны іске асыратын орын таңдау үшін бірқатар өңірлерге бару жөнінде  келісімге қол жеткізілді.

Похожие материалы