Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қызылордада газ бағасы 50 пайызға қымбаттады

Қызылордада газ бағасы 50 пайызға қымбаттады

Қызылорда облысында тұтынушыларға арналған газ бағасы шамамен 50 пайызға қымбаттады. «Енді ҚҚС-ны қосқанда бір шаршы метр үшін 18,95 теңгені құрайды. Ал бұрынғы бағасы 12,78 теңге болған еді», – дейді "ҚазТрансГаз" АҚ өндірістік филиалы директорының орынбасары Қайнар Нұрлыбаев сейсенбі күні Қызылордада өткен баспасөз отырысында.

Газ бағасының көтерілуі себептері туралы "ҚазТрансГаз" АҚ техникалық директоры Равиль Исмаилов былай дейді: «Біздің компания Қызылорда облысына 23 млрд теңге құйды. Бұл қаражатқа облыстың 5 елді-мекені газбен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, Жаңақорған, Шиелі, Арал, Байқоңыр және Әйтеки би ауылдары. 200 мыңға жуық үйге газ кіргізіледі. Жұмыстар аяқталуға қалды», – дейді ол.
 Одан бөлек, Исмаиловтың айтуынша, 1 қазаннан бастап Қызылордада смарткарталы газ есептегіштер алынып тасталады.
«Олардың жұмыс істегендеріне он жылдай болды. Көбі істен шыққан немесе тексеріс мерзімдері өтіп кеткен. Алып тастау жұмыстары біртіндеп жүргізіледі. Өз қаражаттарына орнатылған есептегіштер алынбайды», – дейді техникалық директор.

Похожие материалы