Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Өз бизнесіңді қалыптастыр" конкурсы жалғасады

"Өз бизнесіңді қалыптастыр" конкурсы жалғасады

"Өз бизнесіңді қалыптастыр" конкурсының жаңа кезеңі басталды.

Жобаның мақсаты - қазақстандық жастардың кәсіпкерлігіне қолдау көрсету. Ұйымдастырушылар конкурсқа қатысушылардың өтініштерін 2016 жылдың қаңтар айының соңына дейін қабылдайды. Өтініштерді қабылдау аяқталған соң конкурс жеңімпаздары анықталып, жобаларын дамытуға арналған грантқа (100 мың доллардан кем емес) ие болады. Еске сала кетейік, аталған конкурс аясында 2013-2014 жылдары 340 мың доллар көлемінде 15 жоба қолдау тапқан. Конкурс ұйымдастырушылары хабарлағандай, конкурстың жаңа кезеңінде сыйақы қоры 200 мың доллардан асуы мүмкін. Сондай-ақ, кемінде бес жобаға қаржылық қолдау көрсету жоспарланған. Конкурсқа қатысу шарттарын "Сәби" қайырымдылық қорының сайтынан білуге болады. Фото: tengrinews.kz   

Похожие материалы