Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2026» ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлады.
Жоба тұрақты туризмді дамытуға, мәдени мұра мен ұлттық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ Қазақстандағы ауылдық аймақтардың экономикалық дамуын қолдауға бағытталған.
Байқауға өтінімдер 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады. Әрбір облыс әкімдігі өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік алады.
Қатысушыларды туризм саласындағы мамандардан құралған тәуелсіз сарапшылар кеңесі бағалайды.
Айта кетейік, 2025 жылы үздік туристік ауылдар қатарына:
-
Лепсі (Жетісу облысы),
-
Нағи Ілиясов ауылы (Қызылорда облысы),
-
Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы),
-
Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы),
-
Шабанбай би ауылы (Қарағанды облысы) енген.





