Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнетақы жинақтарының көлемі 9 трлн теңгені құрады

Зейнетақы жинақтарының көлемі 9 трлн теңгені құрады

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-қазанда cалымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 1 261,8 млрд теңгеге (16,2%) ұлғайып, 1 қарашадағы жағдай бойынша 9 042,5 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2018 жылғы 1 қарашада 3 490,4 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-қазанда 715,5 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2018 жылғы 1 қарашада 9,8 млн шотты құрады.

2018 жылғы қаңтар-қазанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 143,4 млрд теңгені құрады.

Ағымдағы жылғы 1 қарашада БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесі, бұрынғыша, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 49,1%-ы және 23,7%-ы) тиесілі.

Похожие материалы