Алматы. 15 шілде. 7kun.kz - 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмыссыз қазақстандықтардың саны 434,4 мың адам болып, жұмыссыздық 4,8% құрады. Бұл туралы Экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.
Жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздардың саны 2018 жылдың маусымының қорытындысы бойынша 149,5 мың адам (1,7%) болды.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссиясының мәліметінше, жұмыспен қамту органдарында тіркелген қазақстандықтардың саны 2017 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша 94,3 мың адамды құраған екен. Бір жылда жұмыссыздықтың көрсеткіші 1,5 есе өскен (+59%).