Жамбыл облысының Жуалы ауданында ағымдағы жылдың мамыр айында ірі күн электр станциясы іске қосылады деп хабарлайды ZhambylNews агенттігі.
Бұл нысан Орта Азиядағы белгіленген қуаты 50 МВт ең алғашқы күн электр станциясы (КЭС) болмақ.
КЭС құрылысына Еуропа мамандары жұмылдырылуда, "Samruk Kazyna — United Green" біріккен кәсіпорны құрылған. Мұнда электр энергиясын өндіруге арналған шамамен 192 мың күн тақтасы пайдаланылады.
КЭС-тің жалпы құны - 23,5 млрд теңге, мұнда 250 адам жұмыспен қамтылған.
Инвестиция бөліп жатқан британдық "United Green" компаниясы ағымдғы жылдың аяғына дейін станция қуатын 100 МВт дейін арттырмақ.