Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жеке тұлғалардың жедел салымдары азайды

Жеке тұлғалардың жедел салымдары азайды

Алматы. 5 қазан. 7kun.kz - 2016 жылдың тамыз айында жеке тұлғалардың жедел салымдары 1,6%-ға немесе 6,5 трлн теңгеге дейін қысқарған. Өсім тек Маңғыстау (1,4%, 162,3 млрд теңгеге дейін) және Алматы облысына(0,1%, 115 млрд теңгеге дейін) байқалады, деп хабарлайды ranking.kz.

Облыстық тұрғындар салымдды теңгемен салуды жөн көреді. Тамыз айында ұлттық валютадағы салымдар 14 облыста артқан, ал шетел валютасындағы салымдар 13 облыста азайған. Астана мен Алматы қаласында жеке тұлғалардың теңгедегі салым деңгейі кеміген (Астанада -4,6% , Алматыда -4,7% ). Сондай-ақ, Астанада валюталық депозит көлемі артқан (1,5%).

Жедел салымдар өсімі Павлодар (бір айда +3%, 90,5 млрд теңгеге дейін), Алматы (2,8%, 59,8 млрд теңгеге дейін) және Атырау облыстарында (2,6%, 61 млрд теңгеге дейін) тіркелген.

Ал шетел валютасындағы салымдар керісінше азайған. Қазақстанның 14 облысында және Алматы қаласында шетел валютасындағы салымдар төмендеген. Өсім тек Маңғыстау облысында (1,6%, 90,7 млрд теңгеге дейін) және Астана қаласында (1,5%,647,6 млрд теңгеге дейін қысқарған).

Жалпы Қазақстанда шетел валютасындағы салымдар тамыз айында 1,9%-ға немесе 4,7 трлн теңгеге дейін қысқарған.

Похожие материалы