Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жылыжай көкөністерінің бағасы арзандай түседі

Жылыжай көкөністерінің бағасы арзандай түседі

Жамбыл облысында нарықтағы бағаны реттеп отыратын арнайы механизм құрастырды деп хабарлайды  24.kz арнасы.

Жылыжай шаруашылығы облыстық бюджет арқылы қаржыландырылады, ал олар өз кезегінде өнімдерді коммуналды базарларда делдалсыз сатады. Облыстық бюджеттен бөлінген субсидиялар арқылы жылыжай шаруашылығының бағалары тұрақты және арзан болады.
Қызанақтар мен қиярлар бірінші кезекте коммуналды базарға түседі. Жекеменшік базардағы сатып алушылар да осы әдіс бойынша бағаны арзандатуға мәжбүр болады. Қымбат өнімдер  көп сатылмайды. Әрі базарға түсетін өнімдер белгілі бір уақытта дайын болады.
Өткен жылы жамбылдық жылыжайларда 1200 тонна көкөніс өсірілді. Бұл аймақтың сұранысын тек жартылай қанағаттандырды. Енді 2018 жылға дейін тағы да 40 гектер жылыжай салу жоспарланып отыр.

Похожие материалы