Алматы. 8 қазан. 7kun.kz – Қазақстандағы шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық корпусы Шығыс пен Батыс арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың кеңеюі аясында Қазақстанның өңірлік сауда желілеріне интеграциялануына байланысты мультимодальдық логистикалық хабтың транзиттік әлеуетімен танысу үшін «Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығына (ШЫХО) келді.
Сапарды еліміздің сыртқы экономикалық басымдықтарын жүзеге асыру және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының озық жобаларын ілгерілету шеңберінде Алматы облысы әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.
Іс-шараға Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка, африкалық континент елшілері мен дипмиссия өкілдері, сондай-ақ Дүниежүзілік банк, ЭСКАТО, ЕҚЫҰ сияқты бірқатар халықаралық және аймақтық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары қатысты.
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов шетелдік дипломаттардың алдында сөйлеген сөзінде «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру Қытайдың Шығыс жағалауы – Ляньюньган портынан Қазақстан мен Қытай шекарасындағы құрғақ порт арқылы теміржол және автокөлік жолдары жүйесі арқылы Каспий теңізінен Еуропаға апаратын оңтайлы логистикалық тізбекпен қамтамасыз еткенін атап өтті. Аталған логистикалық тізбек Транскаспийлік халықаралық дәліздің контейнерлік мультимодальды бағыттарын байланыстыратындықтан Орталық Азия, Қытай, Кавказ, Түркия және Еуропа елдерінің серіктестері үшін аса тартымды болып табылады.
Қ. Әбдірахманов 2017 жылы Қазақстан арқылы жүк тасымалы 17%-ға өсіп, 17 миллионға жуық тонна құрағанын және 2015 жылдан бастап ЖІӨ-дегі көліктік саланың үлесі орта есеппен 8%-дан төмен болмағанын атап өтті. «Қорғас» ШЫХО-ның сәтті жүзеге асырылуының арқасында қазіргі кезде қазақ-өзбек шекарасында осы іспеттес ШЫХО құру мәселесі қарастырылуда.
Айта кетейік, «Қорғастағы» трансшекаралық серіктестікті дамыту Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының негізгі жобаларының бірі болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024