Қазақстан атом саласында словакиялық компаниямен ынтымақтастық орнатпақ
«ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық компаниясының мәліметінше, меморандум Словакияның атом электр станцияларына табиғи уран концентраты мен уран диоксиді (UO₂) түріндегі ядролық отынды жеткізу мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.