Уоррен Баффетт Amazon компаниясын инвестициялайды

26
Amazon
Фото: azertag.az

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz — Америкалық миллиардер Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway инвестициялық компаниясы Amazon интернет-ритейлерінің үлесін сатып алды. Бұл туралы Баффетт CNBC берген сұхбатында хабарлады.

Баффеттің айтуынша, Джефф Безос компаниясына инвестиция салуды ол емес, Berkshire портфельдік басқарушылардың бірі – Тед Уэшлер немесе Тоддд Коумз шешкенін атап өтті. Екеуі де Berkshire активтер портфелін басқарады, әрқайсысы 13 млрд доллардан.

Бизнесмен Amazon акцияларын сатып алудан бұрын бас тартқаны үшін өзін «ақымақ» деп атады. Баффеттің хабарлауынша, инвестициялық компания 2019 жылдың I тоқсанының соңындағы деректер бойынша өздерінің активтері туралы ақпаратты жариялайды.

«Мен оны алғаш рет кездестіргенде, Джефф Безостың қабілеттеріне өте, өте жоғары пікірім болды және әлі де оны жете бағаламаппын», — деді Баффетт.

Айта кетейік, өткен жылы Berkshire,Amazon және JPMorgan бірлескен жоба құратындарын жариялады. Оның мақсаты — үш компанияның қызметкерлері үшін медициналық қызмет көрсету шығындарын азайту.