Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz — ҚР-ның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек Қожатаев Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің (JAXA) Төрағасы Наоки Окумурамен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Ерлан Баударбек Қожатаев Қазақстанның космостық жобаларының іске асырылуы, атап айтқанда жиынтықтаушы спутниктерді жобалауға, жасауға, құрастыруға және сынауға арналған технологиялық және өнідірістік база болатын ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін салу туралы хабардар етті.
Әңгімелесушілер 2010 жылы қаңтарда ҚР Ұлттық аэроғарыш агенттігі мен JAXA арасында қол қойылған Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі іске асырудың маңыздылығы туралы атап көрсетті.
Бұған қоса, елші Окумураны 23-26 мамырда Астанада өтетін «KADEX - 2018» халықаралық көрмесіне шақырды.
JAXA төрағасы Қазақстанның халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін жапондық ғарышкерлердің ұшып кету мен қауіпсіз қону орны болып табылатындығын ризашылықпен атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жапон халқы өздерінің кезекті ғарышкері Норисиге Канаидың маусымда Қазақстан жеріне қайтып келуін күтеді.
Наоки Окумура наурызда Токио қаласында өтетін Ғарыштық зерттеулер жөніндегі 2-халықаралық форумға қазақстандық делегацияның жоғары деңгейде қатысатындығына үміт артып отырғандығын жеткізді.
Сұхбат соңында Наоки Окумура еліміздің қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, аэроғарыш саласындағы басым бағыттарда Қазақстанмен неғұрлым тығыз ынтымақтасуға мүдделі екендігін білдірді.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024