Алматы балабақшаларында 17 мың орын, мектептерінде 24 мың орын жетіспейді. Бұл жөнінде қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.
«Мектепке дейінгі мекемелерде 3-6 дас аралығында балаларға 17 мың орын жетіспейді», — деді Б.Байбек жұма күні Алматы қаласының білім қызметкерлерімен өткізген жиынында. Және де осы жылы қалаға 640 орындық 2 балабақша салынатынын да айтып өтті. «Осы жылы Түрксіб және Алатау аудандарында 640 орындық екі балабақша салынады деп жоспарланып отыр. Ал, келесі жылы Алатау ауданына 260 орындық тағы бір балабақша ашылады», — дейді қала әкімі. Ал, мектептердегі орын жетіспеушілігі 24 мыңды құрап отыр.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





