Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі

1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында айтты.

«Соңғы 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді. Биыл 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі. Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі – 52 372 теңге, магистратурада – 117 098 теңге, докторанттар үшін 262 500 теңге болады. Яғни, осы жылы бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады», – деді вице-министр. 

Сөзінше, жатақханалардағы орын тапшылығы 2019 жылы 82 500-ден 2024 жылы 14 873-ке дейін азайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылады.

Ұқсас материалдар