2027 жылдан бастап балабақшалар лицензия алуға міндеттеледі. Мұнымен қоса, қосымша білім беру ұйымдары үшін қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама тәртібі белгіленеді.
Заң кәсіби қабылдаушы отбасылар қызметінің құқықтық негіздерін, осы саладағы құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық саласындағы кәсіби қабылдаушы отбасылар мен уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін анықтайды.
"Депутаттардың бастамасымен осы заңға 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдарды лицензиялау тәртібін енгізілді", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдары (үйірмелер, секциялар және т.б.) үшін қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама тәртібі белгіленеді.
Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда онлайн оқыту нысаны мен академиялық ұтқырлық қағидаты, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан мектептердегі әлеуметтік жағынан осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету тетіктері қарастырылады.