Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2028 жылға дейін бюджеттен тыс қаражатқа 86 спорт кешені бой көтереді

 2028 жылға дейін бюджеттен тыс қаражатқа 86 спорт кешені бой көтереді

Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы аясында Қазақстанда спорт инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр.

 Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, халықтың 1 000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтылуы қазіргі уақытта 59,6%-ға жеткен. Ал 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш 65%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті. 

Ведомство мәліметінше, 2025 жылы ел бойынша 147 спорт нысаны пайдалануға берілген. Олардың қатарында Ақмола облысының Зеренді ауданында 6 мың шаршы метрден асатын спорт кешені, Павлодар облысының Баянауыл ауданында көпсалалы спорт кешені, сондай-ақ Қызылорда қаласында халықаралық стандарттарға сай жаңа стадион бар.

Мамандардың айтуынша, бұл жобалар бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға серпін беріп отыр.

Биыл елімізде тағы 121 спорт нысанын іске қосу жоспарланған. Құрылыс және жаңғырту жұмыстары республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ мемлекеттік-жеке әріптестік және бюджеттен тыс қаражат есебінен жүргізілуде.

Сонымен қатар 2026-2028 жылдарға арналған жол картасы аясында бюджеттен тыс қаржы есебінен 86 ірі жобаны жүзеге асыру көзделген.

Жалпы, спорт инфрақұрылымын дамыту халықтың дене белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас материалдар