
Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz - Жаздың соңғы күндерінде Алматының ғажайып тауларында екінші рет Home Credit Irbis Race атты халықаралық таулы ультрамарафон өтеді.
Жарыс Қазақстанда ресми түрде халықаралық трейлраннинг қауымдастығымен сертификатталған. (ITRA) Марафонның жалпы ұзындығы 50 шақырым, жарыс жолына шыққандар 2600 метрден асатын биіктікті бағындыруы керек. Марафон Үлкен Алматы көлінен бастап Медеуге дейін жалғасады.
Стартқа 11 елдің 300 шақты батыл, әрі жүйрік спортшылары шықпақшы. Олардың арасында Израиль, Франция, Чехия, АҚШ, Германия, Австралия, Норвегияның азаматтары бар.
Айта кетейік, 2017 жылғы марафоның абсолютті жеңімпазы казақстандық Дмитрий Власов 6:11:21 уақытымен жеңіске жеткен еді.
«Irbis Race-дың қашықтығы (дистанциясы) Кеңес Одағы кезінде танымал туристік «Кругосветка» бағытымен өтеді. Жарыс бағыттың өсуі мен құлдырауы жағынан өте қызықты. Жай демалатын жер жоқ! Біздің спортшылар басынан бастап, қашықтыққа жүгіріп, кейін жоғары көтеріліп, содан кейін қар мен мұз бойымен, одан кейін тасты морена бойымен жүгірмекші»,-деді марафонның директоры Тимур Артюхин.
Home Credit Irbis Race-тың басты мақсаттары Казақстанда бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, адамдар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру және отандық және сыртқы туризмді дамыту.
Home Credit Irbis Race-тың уйымдастырушылары «Экстремалдық Атлетика» қоғамдық бірлестігі және Home Credit Tengri Series трейлмарафондардың бірлестігінің құрамына кіреді.
Марафонның бас демеушісі – «Хоум Кредит Банкі».