Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкент қаласында 27,7 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылды

Шымкент қаласында 27,7 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылды

Шымкент қаласында 27,7 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылып, 1,0 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық алдында есеп беру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Есепті кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Бейбіт Атамқұлов пен Президент əкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жасұлан Естенов қатысып, облыс орталығында атқарылған тындырымды жұмыстармен танысты. Есеп барысында шаһар басшысы қалада атқарылған жүйелі жұмыстар мен оңды өзгерістерді айтып, алдағы 2016 жылдың жұмыс жоспарын баяндады.

Қала басшысының айтуынша, Шымкентке инвесторлар және жергілікті белсенді азаматтар тарапынан өнеркәсіп кәсіпорындарын дамытуға инвестициялар салуға қызығушылық жоғары. Осы мақсатта қаланың 2 жерінен индустриялық аймақтар құру жоспарланған.

"Статистикалық мәлімет бойынша, 2015 жылы қаладағы бөлшек сауда көлемі 248,5 млрд. теңгені құрады. Ал, көтерме сауда көлемі 502,7 млрд.теңгеге жетті. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 4 631 пәтерлі 72 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның өткен жылы 4 538 пәтерлі 68 тұрғын үйдің құрылысы пайдалануға берілді",- деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Хабарламада мәлімденгендей, ауыл шаруашылық саласы бойынша, 2015 жылы 16,5 млрд теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2014 жылмен салыстырғанда 9,0 пайызға артты.

Сондай-ақ, 2015 жылы қалада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 74 491 бірлікті құрап, шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 315,7 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артқан.

Похожие материалы