Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысында 28 млрд теңгенің 5,5 мың мүлкі жария етілді

Жамбыл облысында 28 млрд теңгенің 5,5 мың мүлкі жария етілді

Жамбыл облысында 28 млрд теңгені құрайтын 5,5 мың жылжымайтын мүлік жария етілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Қырықбаев Асқар Санатұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан - 2050 сайты.

Қаржы басқармасының мәліметінше, 2016 жылдың 9 наурызына Жамбыл облысы бойынша құны 31 млрд. 450,3 млн.теңгені құрайтын 6277 жылжымайтын мүліктерді жария етуге өтініштер қабылданды, оның ішінде құжаттары толық болмауына байланысты 253 өтініштер қайтарылса, құны 28 млрд. 940,2 млн.теңгені құрайтын 5594 жылжымайтын мүліктер жария етілді, қалған 430 өтініштер құрылған комиссиялармен қаралу үстінде.

«Халық арасында мүліктерді жария етуді насихаттау мақсатында, 325 семинарлар және «дөңгелек үстелдер» өткізілді, бұқаралық – ақпарат құралдарында 236 мақалалар жарияланды, 67 тематикалық сюжеттер берілді және 142 жарнамалық билбордтар орналастырылды. Мүлікті жария ету бойынша жаңа заңнамалық түзетулерді түсіндіру жөнінде ақпараттық-насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілуде»,- деп қорытындылады Асқар Санатұлы.

Похожие материалы