Жамбыл облысында 28 млрд теңгені құрайтын 5,5 мың жылжымайтын мүлік жария етілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Қырықбаев Асқар Санатұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан - 2050 сайты.
«Халық арасында мүліктерді жария етуді насихаттау мақсатында, 325 семинарлар және «дөңгелек үстелдер» өткізілді, бұқаралық – ақпарат құралдарында 236 мақалалар жарияланды, 67 тематикалық сюжеттер берілді және 142 жарнамалық билбордтар орналастырылды. Мүлікті жария ету бойынша жаңа заңнамалық түзетулерді түсіндіру жөнінде ақпараттық-насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілуде»,- деп қорытындылады Асқар Санатұлы.