Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инфляция теориясы (курс)

Инфляция теориясы (курс)

Инфляция (лат «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы-ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Инфляцияның экономикалық жэне әлеуметтік зардаптары сан алуан. Инфляция қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленісті ұшықтырыды. Инфляция өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық саясаттың жүргізілуін қиындатады.

Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін, себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына коңіл аудардым.

Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары, альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген филлипс қисығы туралы қарастырдым.

Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдарымен түсіндірдім.

Инфляцияның мәні және факторлары

Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі жэне тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алуы мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі . Ол мемелекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынап кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің жэне шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

«Инфляция» - желбуаз көтерілу, icy деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция жэне кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қарсыландыру ақша айналымының күрт «көтеріліп», қағаз ақшаның құнсыздануына экеп соқтырады. Ақшаның құнсыздануы - ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Оны эр елдерден соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы АҚШ- тың бостандық үшін 1775-1783ж.ж. соғысы жэне 1861-1865ж.ж. Азамат соғысы (оның соңғы екі жылында доллардың сатып алу мүмкіндігі 60% дейін төмендеген); XIX Ғ бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-179 Іж.ж. Француз революциясы эсіресе, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті. 1923 ж. Күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион (құрамында он бес нөлі бар сан) рейхсмаркаға жеттп, ол ақша өлшемі триллион есе құлсызданды. Осы келтірілген тарихи мэліметтер. Инфляция бүрыннан келе жатқан феномен (айырықша құбылыс) екенін дэлелдейді.Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемлардың бірі.

Бағаның кез келген өсуін инфляциялық өсу деп есептеуге болмайды. Баға өсуінің инфляциялық себептерінің арасында мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тенденстірілмеуі, яғни мемлекеттік бюджеттің тапшылығы неғұрлым елеулі себепке жатады. Көбінесе  бұл  тапшылық ақша шығару жолымен жабылады, мұның өзі ақша көлемінің көбейіп, соның салдарынан инфляцияға әкеліп соғады, яғни айналыстағы қағаз ақша құнсызданып, валютаны сатып алуға жарамдылығы құлдырайды. Инфляция кезінде шығарылған ақша көлемі өзгермеген жағдайда айналыстағы тауар көлемінің қысқаруы, өнімнің баламалы көлемімен қамтамасыз етілместен ақшаның көп мөлшерде шығарылуы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі, нақты жалақының құлдырауы салдарынан қымбатшылық өршиді. «Инфляциялық қауіпті инвестициялар» көбінесе, экономиканы милиторландыруға байланысты, яғни негізсіз жоғары эскери шығындар бюджетті ұдайы дағдарысқа ұшыратады: оның тапшылығы ұлғайып, ізінше баға өседі.

Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелділігі мүлдем үзілген, ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған жэне инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу қүралы ретінде ақша шығару қарқынын мемлекеттің қағаз ақшаны шектен кеп шығаруымен байланысты  бұл эммиссия ішкі айналым қасиеттілігінен де алып кетті. Нэтижесінде ақша құпсызданады, баға өседі, сосын барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады.

Инфляцияға әсер ететін факторлар, біріншіден, мемлекеттік бюджеттен бүрыннан келе жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады; екіншіден, құрылым факторлары, мысылы, тез қайтарылып болмайтын   ауыр   өнеркәсіпке   салынатын   инвестицияның   қауырт   өсуі; үшіншіден, . «баға қайшысы» деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы өнеркэсіп өнімдері бағасының қарқынды өсуінің арасындағы үйлесімсіздік. Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен иқатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін тигізеді.

Қазіргі заманғы инфляция-  бұл  ұсыныспен сұраныс арасындағы диебаланыс жэне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі.

1.2. Инфляцияның себептері

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны  бұл ай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сэйкестілігінің бұзылуы элі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұлай бағасының өсуінен (мүнай бағасы 20есе өсті) емес, басқада тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979ж 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі қүрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок байланыстардың ықпалына жэне т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түлрі себептердің әсері болады

Коньюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында(эсіресе ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне тэн «классикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен деприссия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның темендеуіне экелуі тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол ез кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ аппараттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп эсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы   қүрылыс  материалдарының  бағалары   өседі.   Бүл   қүрылысматериалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.

Сонымен инфляция көп сэйкессіздіктермен байланысты екеніи еске ұстап, оның ішіндегі ең бастылары:біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе теңдігінің бұзылуы байланыстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса басқаша айтқанда, ақша ұстаногы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV= РОеске түсірсең, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.

Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияның қаржыландыру жүгізілген жағдайда да бағаның инфляцияның өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. ¥лттық табысты эскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар олар қоғамдық байлықты текке рэсуэ етеді. Әскери ассикнациялар бір сэтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауар мен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне экеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына жэне мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бүл кезең жетілген бэсеке кезінднгі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оцай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дэрежеде олигаполиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дэрежеде бағаны билейді.Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамасада, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бэсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысынан қарсы болады.Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.

Төртіншіден елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте элемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импортық» инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған жылғы энергияға бағаның шарықтауы(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мүнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. «импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құлын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал  бұл  дүниежүзілік рынокта бэсекелестік қабілетті төмендетеді.

Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол «инфляцияны күту» нэтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторларды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

Инфляцияның күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптен алады, ейткені олардың бағасы ертең тағыда өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (Қаңтар-көкек жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер оздерін жабдықтаушылардың бағаны кетеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатып. Нэтижесінде Ресей экономикасыпдағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де алып түсті.Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда  бұл  құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада Пдүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстық күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға менн жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармеи қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция) жатады, ол эміршілдік-экімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай Ж¥О-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу жэне қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгеиі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктері.

Инфляцияның Қазақстандағы ерекшіліктері

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемелекеттік - монополиянған жүйеден нарықты қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты. КСРО ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляциясы болыуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілдік-кесілді тұжырымдар айтылды.

Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейіңгі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцяның тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы шаруашылықты басқарудың жоспарлы болу жүйесі.Ол шаруашылықтың шығынды механизімді қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды- ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шекксіз. Әсіресе, ұлттық өнімді жинақтау қорына және түтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізеді;

Құрал - жабдықтарды өндіру жэне тұтыну тауарларын өндіру салаларында; мемелекеттік баға белгілеу жүйесінде; мемелекеттік- бюджеттің кірісі мен шығынында;

Несиелік және қаржылық ресурстардын қалыптастыруда байқалды.

Қазіргі инфляцияның бір көрінісі тауар тапшылығы біздің экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда оның түпкі себептері.

Біріншіден, КСРО -ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрыңғы нарықтың құрылымдарды жоя бастауы;

Екіншіден, бүрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесізімдік қалыптасты, яғни бір жағынан тұтыну қүралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жай дамыды .Ол салалар - ауыл шаруашылығы,тамақ жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша,

барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж-39,5% , 1940 ж-61%, 1960 ж-72,5% болды.

Үшіншіден, бүрынғы КСРО -ның ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемелекеттерде ол- 15-25 процент болды.

Төртіншіден, бүрынғы КСРО-ның ұлттық жиынтық өнімнің (¥ЖО-ның) 25-30 процнеті ғана тұтыну қорын қүраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды . Жалақыда өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.

Сөйтіп біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан) инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бірақ жоспарлы - әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта өрбіді. Шындығында дерективалы баға белгілеу халықтың күнделікті қажет заттарының бағасын түрақты қалыпты қылып ұстауға мүмкіндік берді.

Көптеген тауарлар бағасын өндірістегі, сұраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді есептемей тұрақты қалпына немесе төмен деңгейде ұстап түру кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының олардың құнымен салыстырғанда элдеқайда көп ауытқуына (деформация) әкеп соқтырды. Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз төмен қалыпта қалдырды. Бүл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық шығындары мен өнімнің сапасын, олардың тұтыныу қасиетін, оларға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ал әлемдік деңгейден біраз ауытқыды.

Қорытынды

Курстық жұмысымды аяқтай отырып мен мынадай қорытындыларға келдім: инфляция бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оны сатып алу қабілетінің төмендеуін түсіндіреді.

Инфляция  бұл  кез келген экономикалық даму үлгісіне объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс жэне өндіріс саласында орын алады.

Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшага тән "ғажайып" құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндірісі сэйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүниежүзінде көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Н. Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Алматы:
  2. Современная экономика. Учебник Ростов-на-Дону:
  3. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы:
  4. Курс экономической теории.Под ред. Чепурина М.Н. Москва:
  5. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы:
  6. Мақыш С.Б Ақша айналысы ж2не несие. Оқу құралы. Алматы:

Похожие материалы