Инфляция (лат «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы-ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Инфляцияның экономикалық жэне әлеуметтік зардаптары сан алуан. Инфляция қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленісті ұшықтырыды. Инфляция өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық саясаттың жүргізілуін қиындатады.
Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін, себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына коңіл аудардым.
Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары, альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген филлипс қисығы туралы қарастырдым.
Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдарымен түсіндірдім.
Бөлім I. Инфляция теориясы.
І.І.Инфляцияның мәні және факторлары.
Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі жэне тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алуы мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі . Ол мемелекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынап кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің жэне шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
«Инфляция» - желбуаз көтерілу, icy деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция жэне кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қарсыландыру ақша айналымының күрт «көтеріліп», қағаз ақшаның құнсыздануына экеп соқтырады. Ақшаның құнсыздануы - ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Оны эр елдерден соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы АҚШ- тың бостандық үшін 1775-1783ж.ж. соғысы жэне 1861-1865ж.ж. Азамат соғысы (оның соңғы екі жылында доллардың сатып алу мүмкіндігі 60% дейін төмендеген); XIX Ғ бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-179 Іж.ж. Француз революциясы эсіресе, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті. 1923 ж. Күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион (құрамында он бес нөлі бар сан) рейхсмаркаға жеттп, ол ақша өлшемі триллион есе құлсызданды. Осы келтірілген тарихи мэліметтер. Инфляция бүрыннан келе жатқан феномен (айырықша құбылыс) екенін дэлелдейді.Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемлардың бірі.
Бағаның кез келген өсуін инфляциялық өсу деп есептеуге болмайды. Баға өсуінің инфляциялық себептерінің арасында мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тенденстірілмеуі, яғни мемлекеттік бюджеттің тапшылығы неғұрлым елеулі себепке жатады. Көбінесе бұл тапшылық ақша шығару жолымен жабылады, мұның өзі ақша көлемінің көбейіп, соның салдарынан инфляцияға әкеліп соғады, яғни айналыстағы қағаз ақша құнсызданып, валютаны сатып алуға жарамдылығы құлдырайды. Инфляция кезінде шығарылған ақша көлемі өзгермеген жағдайда айналыстағы тауар көлемінің қысқаруы, өнімнің баламалы көлемімен қамтамасыз етілместен ақшаның көп мөлшерде шығарылуы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі, нақты жалақының құлдырауы салдарынан қымбатшылық өршиді. «Инфляциялық қауіпті инвестициялар» көбінесе, экономиканы милиторландыруға байланысты, яғни негізсіз жоғары эскери шығындар бюджетті ұдайы дағдарысқа ұшыратады: оның тапшылығы ұлғайып, ізінше баға өседі.
Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелділігі мүлдем үзілген, ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған жэне инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу қүралы ретінде ақша шығару қарқынын мемлекеттің қағаз ақшаны шектен кеп шығаруымен байланысты бұл эммиссия ішкі айналым қасиеттілігінен де алып кетті. Нэтижесінде ақша құпсызданады, баға өседі, сосын барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады.
Инфляцияға әсер ететін факторлар, біріншіден, мемлекеттік бюджеттен бүрыннан келе жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады; екіншіден, құрылым факторлары, мысылы, тез қайтарылып болмайтын ауыр өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауырт өсуі; үшіншіден, . «баға қайшысы» деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы өнеркэсіп өнімдері бағасының қарқынды өсуінің арасындағы үйлесімсіздік. Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен иқатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін тигізеді.
Қазіргі заманғы инфляция- бұл ұсыныспен сұраныс арасындағы диебаланыс жэне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі.1.2. Инфляцияның себептері.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұл ай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сэйкестілігінің бұзылуы элі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұлай бағасының өсуінен (мүнай бағасы 20есе өсті) емес, басқада тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979ж 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі қүрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок байланыстардың ықпалына жэне т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түлрі себептердің әсері болады
Коньюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында(эсіресе ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне тэн «классикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен деприссия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның темендеуіне экелуі тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол ез кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ аппараттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп эсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы қүрылыс материалдарының бағалары өседі. Бүл қүрылысматериалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.
Сонымен инфляция көп сэйкессіздіктермен байланысты екеніи еске ұстап, оның ішіндегі ең бастылары:біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе теңдігінің бұзылуы байланыстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса басқаша айтқанда, ақша ұстаногы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV= РОеске түсірсең, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияның қаржыландыру жүгізілген жағдайда да бағаның инфляцияның өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. ¥лттық табысты эскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар олар қоғамдық байлықты текке рэсуэ етеді. Әскери ассикнациялар бір сэтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауар мен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне экеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына жэне мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бүл кезең жетілген бэсеке кезінднгі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оцай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дэрежеде олигаполиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дэрежеде бағаны билейді.Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамасада, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бэсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысынан қарсы болады.Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден елдің экономикасының ашық болуы оыың бірте-бірте элемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импортық» инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған жылғы энергияға бағаның шарықтауы(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мүнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. «импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құлын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бэсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол «инфляцияны күту» нэтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторларды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Инфляцияның күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптен алады, ейткені олардың бағасы ертең тағыда өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (Қаңтар-көкек жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер оздерін жабдықтаушылардың бағаны кетеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатып. Нэтижесінде Ресей экономикасыпдағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де алып түсті.Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада Пдүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстық күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға менн жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармеи қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция) жатады, ол эміршілдік-экімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай Ж¥О-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу жэне қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгеиі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктері.
І.З.Инфляцияның түрлері.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көи көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жэй, орташа күрделі кезінде бағаның өсуі 10%-тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, киіншілер, мүндай инфляцияны экономикалық дамуы үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жургізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қаркынды инфляция тұсында бағаның әсуі 20-дан 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ.Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есептей алады.
Аса зор, шексіз инфляция айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасының деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай Жағдайда халық үлкен зиян шегеді,тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бұл інеді. Инеринфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан элде қайда жоғары болды. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға деген секілі жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан қүлылуға тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Интеринфляцияның басталуына инфляциялық күтудіңде үлкен әсері
болатындығын атап өту орынды. Басыңқы (кридавленная) инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
50-60-жылдарында көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты қарқынмен журді. Ал 70-жылдары ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндірістің қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық процестің ең қызғаншағы 70-жылдардың екінші жартысы.Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылдары 1,7%, 1966-1974 жылдары-5,1%, 1975-1980 жылдары-9,3% болды. Англияда осы кезде ол 3,1; 6,0 жэне 17,9%, францияда 5,0; 5.9 жэне 10,9%. 80-жылдардың соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4%-ке тең болды, 1987 жылы-3,7%-ке төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген себеитермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға элемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.
Инфляция балонеталған, тепе-теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сэйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық акуалды білдіреді.
Болисамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядаи ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны "жоспарлайды", мысал ретінде Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде осуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс жер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қасиеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі "инфляцияны күту" басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімде құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, түтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сұрамыс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нэтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.
Бөлім 2. Инфляцияның экономикалық әлеуметтік салдары.
2.1 Инфляцияның альтернативті көздері.
Батыс экономистері жасаған теорияларды инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл консепциялар инфляция болуының әртүрлі себептеріи атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (эскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыс пен қамтылған кездегі өндіріс құрал жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар эрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сеитіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы "көтеріліп", соның салдарынан төлем қабілеті бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылып, бағаның көтерілуіне соқтырады.
Ақша массасының "көтерілуі" себептерінің ең негізгісі-әскери шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнге емірде қолдануға жарамай сондықтан оның ақшалы эквивалентті бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықты, немесе ақша нарығына мемлекеттік заеымдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістщ дамуы, жұмыссыздықтың азаюы жэне бағаның төмендеуі сияқты жазымды көріністер байқалып, ал қорытындысында тепе-теңдік орнайды. Сондықтан таз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады, себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан эрі бүкіл экономикада бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауына оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына себепші факторлар әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектеуі ұсыныспен салыстырғанда айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады жэне ақшаны құнсыздандырады.
Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындардың ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кэсіподақтың жалақыны көтеру талабынан жэне т.б. болады. Тэжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданыи жүргсн баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына экеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады.
Нэтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады: бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның "инфляциялық серіппе" теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әр бір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны қүрайтын элементтердің біреуі ғана . Срнымен қатар, тауар өндірісі шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу шығындары көтерілуіне байланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының жэне оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығындардың өсуі бүкіл әлемде болатын процесс. Оған қарсы тұратын фактор-өнімнің әрбір өлшемінің шығындарын төмендететін жаңа технологияны пайдалану.
Өнеркэсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тэн, яғни жылдан жылға ауысатын бір қалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалып ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерле қарқымды жэне ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшіліктерінің байланысты болады.
Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері оларда 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогымен үнемі индекстеу механизмнің қолдануы байқальш, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1999 жылы ақшаның құнсыздануы 8500%, Перуде 8291,5% жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили елдері кіреді.Оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға (несиені ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бүл елдерде қарқынды инфляция (бағаның жылдық орташа өсуі 20-40% шамасында) сақталып,бірен-сараң индекстеу жүргілізуде жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.
Үшінші топқа жатады елдер-Сингапур, Малазия, Оңтүстік Корея, т.б. жеткілікті деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер.Оларда жылжымалы инфляция (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау жүргізілген.Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқаруда, жұмыссыздық бір қалыпты деңгейде жүруде.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер элеміне теңгерілген бүрынғы социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Полыііа-Вьетнам жэне т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады.Бүл мемлекеттер өндірістің өсуімен ішкі нарықтың аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни ақша мақсатын басып шығарумен, екінші жағынан шетел заемдарын көптеген мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлекеттерде көп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.
2.2. Инфляцияның тежеу шаралары мен әдістері.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатыи, уақытша коньюктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық жэне әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкелестікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қйындатады. Бұдан бсқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интер-националдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптары төмендегі жағдайлардан: тауарлар бағасының өсуінен, халықтың ақшалы жинағының шаруашылық субъектілердің және мемлекеттік бюджет қаржысының құлсыздануынан, халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюіне ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының бұрмалауынан, көлеңкені экономиканың белсеңді өсуі мен оның салық төлеуден жалтаруынан жэне көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.
Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын тұрақтандырудың негізгі эдістері- ақша реформасын жүргізу (ақша реформалары туралы келесі тарауда жазылған) жэне инфляцияға қарсы басқада саясаттар жүргізу.
Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар: бірінші, жаңа ақша жүйесін құру - ол алғашқыда металл ақша жүйесін қүрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни отаршылық (экологиялық) жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер
пайда болғанда және 90 жылдардың басында КСРО-ның ортанына ТМД елдері құрылған бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тэн жаңа ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемін енгізу, баға масштабын, ақша түрлерін және өзгерту.
Соғыс және ревалюциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер ақша айналысын түрақтандыру мен экономиканы қалпына келтірудің ең бір қасиетті жолы ретінде мына эдістерді қолданады: нуллификация, реставрация, девальвация және деноминация.
Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан кейінгі ұшқыр инфляцияның нәтижесінде рейхсмарка құнсызданып, 1924 жылы енгізілген жаңа маркаға 1:1 трлн. ескі рейхсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөйтіп құнсызданған ескі марка жойылды.
Реставрация- ол ақша өлшемінің бүрынғы алтын қүрамын қалиына келтіру эдісі. Мысалы, Англияда Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1925-1928 жылдардағы ақша фирмасы кезінде Фунт Стерлингтің алтын құрамы соғысқа дейінгі қалпына келтірілді. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін реставрация - ревальвация ретінде доллармен салыстырғанда ұлттық валютаның ресми курсын көтеру арқылы жүргізілді. Содан кейін халықаралық валюта қоры ақша өлшемінің алтын күрамы тіркеуден өткізді. Мысалы, ГФР ревальвация (1961, 1969, 1971 жж.) өткізді, яғни, марканың курсы осы он жылдың ішінде үш рет жоғарылады.
Девальация-ақша өлшемінің алтын қүрамын төмендету. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ долларына шаққанда ұлттық валютаның ресми курсында, оның алтын қүрамында төмендету. Долларды екі per девальвациялау нәтижесіде оның алтын құрамына 1971 жылдың желтоқсанында 7,89%-ке, ал 1903 жылы ақпанында 10%-ке төмендетілді. 1973 жылы «өзгермелі валюта» курсын енгізген соң девальвация еврона валюта жүйесінде-«реттік валюта курсы» топтастығында жүргізілді.
Деноминация-ол «нолдерді сызу» эдісі, яғни, баға мсштабының ірілендіру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1-қаңтарының бастап баға масштабы он есе ірілендірілді. 1961 ж. Шыққан жаңа 1 рублъ ескі 10 рублъге тең алмастырылды. 1988 жылы бразильяда енгізілген жаңа ақша өлшемі-Нокрузадо бүрынғы қүхызданған 1000 крузодаға эквивалентті болды. 1988 ж. Ресейде рублъге димонинация 1:1000 ескі рублъге арақатынасымен жүргізілді.
Қорыта айтқанда инфляциямен күрес эдістері-мемлекеттің экономиканы реттеудегі жүргізетін іс-әрекеттерінің жиынтығы.
2.3. Филипстың қисық сызығы.
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай эсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А.Филипс оның ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жж. Ұлыбритания саңақтары деректерін пайдалана отырып, ал жалақы вставкасы өзгеруімеи жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тэуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3% артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.
А.Филипс есебінің теориялық негізін экономист Р.Липси жас ады. Бұдан эрі Американ экономистері П.Самуэльсон Р.Солоу Филипстың қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы вставкасын тауар бағалары өсуі қарқынымен ауыстырды. Үкімет Филипстың қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе, ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланды.
Абцисса өсімде жұмыссыздық деңгейі ординат өсімде тауар бағаларының есу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі.
Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1979 жылдан АҚШ-тың жэне Англияда экономикалық талдауында қолданылды.
Бүл теорияның мэні мынада: қарқыны баяу, орта яғни қоғамға қолайлы инфляция деңгейі тек жұмыссыздықтық табиғи дэрежесінде ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссыздық дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жүмыссыздықтың табиғи дэрежесі мен инфляция қарқыны баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар ( 80-жылдардың екінші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт инерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы онжылдықта барлық батыс елдерінде дерлік өсті ( АҚШ-та 60-жылдары 4%болса, 80-жылдары 6-7%-ке дейін есті).
Бөлім 3. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат.
3.1. Инфляцияға қарсы саясат.
Инфляцияға қарсы саясат.
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаруалар қолдану арқылы жою керек пе, элде оған бейімделу керск пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшіліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын корсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төйлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндірісте қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты үлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемелекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге жэне тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70 жылдары көптеген елдердің тәжірбиесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Деғенмен, бюджет тапшылылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы мапевр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.
Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша несие саясат арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасы өзгертеді. Ақша несие саясаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау қүралы ретінде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердің ойынша үкімет қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданады. Өйткені экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни жұмыссыздықты өсіріп өндірісті құлдыратады. Кейбір есеппер бойынша инфляцияны 1%-ке төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзіңнің табиғи деңгейінен 2% жоғарылатады, ал нақты Ж¥О-ні 4%-ке кемітеді.
Бақылаудан шыққан инфляцияны ауыздықтау үшін біраз елдердің үкіметтері 60-жылдардан бастап, баға мен табыс арақатысы деген саясатты жүргізуде. Оның басты мақсаты жалақының өсуін тежеу. Бұл саясат инфляциямен күресте рыноктың стратегиядан гөрі әкімшілікке көбірек бағыт ұстағандықтан туындайды және ол алға қойған мақсатқа ордайым жете бермейді. Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлі экономикалық шараларды қатар қолдану жалпы экономикалық реттеуді тиімсіз етеді.
АҚШ-тың тәжірибесі табыс саясатын жоққа шығарды. Мұнда 1971-1974 жж. үкімет жалақы мен баға деңгейіне тікелей бақылау жүргізді. Одан кейінгі жылдарда бұл мәселеде тек кеңес беруімен ғана шектелуде. Ал үкімет басына Рейганмен республикалық әкімшілігі келісімімен аталған мәселелермен шұғылданатын үкімет мекемесі жойылды.
Экономикалық саясатты инфляцияға қарсы екі тэсіл бар: бірі-инфляцияға бейімділікті қарастырса; екіншісі-оның антииифляциялық шараларын жойады.
Бейімділік шаралары: табыс индексациясы жэне баға деңгейін бақылау. Жеке деңгейде табыс индексациясы кэсіподақтың кәсіпкермен ұжымдық келісімшарт жасау арқылы жүргізіледі. Табыс индексациясының саясаты мемлекеттік кешенінде мемлекеттік қызметкерлердің, студенттердің, зейнеткерлердің, әскерлердің жағдайын жеке кешендегі адамдармен салыстырғанда нашарлатпау мақсатын қойған.
Екінші эдіс (жою)-экономикалық құлдырау мен жұмыссыздық өсуі арқылы белсенді түрде инфляцияны төмендету стратегиясы. Бұл жолдың экономикалық, әлеуметтік шығыны зор. Бірақ нәтижесі, бейімділік саясатына қарағанды тиімді.
Тәжірибеде көп елдер инфляциямен курс ретінде «келісімді» жолды таңдайды. Бұл теорияның негізінде жұмыссыздық қозғалысы мен инфляция қарама-қарсы деген тұжырым жатыр.
3.2. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшіліктері.
Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемелекеттік - монополиянған жүйеден нарықты қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты. КСРО ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляциясы болыуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілдік-кесілді тұжырымдар айтылды.
Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейіңгі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцяның тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы шаруашылықты басқарудың жоспарлы болу жүйесі.Ол шаруашылықтың шығынды механизімді қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды- ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шекксіз. Әсіресе, ұлттық өнімді жинақтау қорына және түтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізеді;
Құрал - жабдықтарды өндіру жэне тұтыну тауарларын өндіру салаларында; мемелекеттік баға белгілеу жүйесінде; мемелекеттік- бюджеттің кірісі мен шығынында;
Несиелік және қаржылық ресурстардын қалыптастыруда байқалды.
Қазіргі инфляцияның бір көрінісі тауар тапшылығы біздің экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда оның түпкі себептері.
Біріншіден, КСРО -ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрыңғы нарықтың құрылымдарды жоя бастауы;
Екіншіден, бүрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесізімдік қалыптасты, яғни бір жағынан тұтыну қүралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жай дамыды .Ол салалар - ауыл шаруашылығы,тамақ жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша,
барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж-39,5% , 1940 ж-61%, 1960 ж-72,5% болды.
Үшіншіден, бүрынғы КСРО -ның ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемелекеттерде ол- 15-25 процент болды.
Төртіншіден, бүрынғы КСРО-ның ұлттық жиынтық өнімнің (¥ЖО-ның) 25-30 процнеті ғана тұтыну қорын қүраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды . Жалақыда өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.
Сөйтіп біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан) инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бірақ жоспарлы - әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта өрбіді. Шындығында дерективалы баға белгілеу халықтың күнделікті қажет заттарының бағасын түрақты қалыпты қылып ұстауға мүмкіндік берді.
Көптеген тауарлар бағасын өндірістегі, сұраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді есептемей тұрақты қалпына немесе төмен деңгейде ұстап түру кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының олардың құнымен салыстырғанда элдеқайда көп ауытқуына (деформация) әкеп соқтырды. Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз төмен қалыпта қалдырды. Бүл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық шығындары мен өнімнің сапасын, олардың тұтыныу қасиетін, оларға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ал әлемдік деңгейден біраз ауытқыды.
Сөйтіп тауардың көтерме, сатылу бағасы мен бөлшек саудадағы бағалары арасындағы үйлесімсіздік жылдан-жылға тереңдей түсті. Оған мемлекеттік бюджеттен дотация (жәрдем қаржы) беріліп отырды. Бұл тауар өндірушілердің көтерме жэне дара бағаларды көтере белгілеуге деген ұмтылысын күшейтіп, соның әсерінен кейбір тауарлардың тапшылығына барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж-39,5% , 1940 ж-61%, 1960 ж-72,5% болды.
Үшіншіден, бұрынғы КСРО -ның ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемелекеттерде ол- 15-25 процент болды.
Төртіншіден, бүрынғы КСРО-ның ұлттық жиынтық өнімнің (¥ЖО-ның) 25-30 процнеті ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды . Жалақыда өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.
Сөйтіп біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан) инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бірақ жоспарлы - әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта әрбіді. Шындығында дерективалы баға белгілеу халықтың күнделікті қажет заттарының бағасын тұрақты қалыпты қылып ұстауға мүмкіндік берді.
Көптеген тауарлар бағасын өндірістегі, сұраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді есептемей тұрақты қалпына немесе төмен деңгейде ұстап тұру кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының олардың құнымен салыстырғанда әлдеқайда көп ауытқуына (деформация) әкеп соқтырды. Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз төмен қалыпта қалдырды. Бүл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық шығындары мен өнімнің сапасын, олардың тұтыныу қасиетін, оларға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ал әлемдік деңгейден біраз ауытқыды.
Сөйтіп тауардың көтерме, сатылу бағасы мен бөлшек саудадағы бағалары арасындағы үйлесімсіздік жылдан-жылға тереңдей түсті. Оған мемлекеттік бюджеттен дотация (жәрдем қаржы) беріліп отырды. Бәл тауар өндірушілердің көтерме жэне дара бағаларды көтере белгілеуге деген ұмтылысын күшейтіп, соның әсерінен кейбір тауарлардың тапшылығына және кейбіреулерінің сауда орындары мен өнеркәсіпте жиналып қалуына әкеп соқтырды.
Өндірушілердің өнімнің сапасын жақсартып, оның өз құнын төмендетуге ынтасы болмайды. Нәтижесінде жылма-жыл сауда орындарында тауар кем бағамен (ученка) сатылып, немесе шығынға жазылыи (списагше) отырды (жылма-жыл 1,5-2 млрд. сом) осының бэрі «жабық» (скрытая) инфляцияның айғақ белгілері.
Қазақстанда 1992 ж. бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті. 1993 жыл айналымдағы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе өсті, 1992 жыл ақша массасы меи нифляция қарқыны әрқайсысы 845 жэне 125 процентке өсті, осы көрсеткіштер 1945 жыл 216 және 160 процент болды. Ал 1996 жыл ақша массасының осу қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп төмендетуіп байқатты.
Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін бағасының индіксі (ТБИ) көрсетеді.
Тэуелсіз Қазақстанның тәжірибесі инфляцияға қарсы күресте энергоресурстарына монополды құрылымдардың өніміне жэне транспорт қызметтеріне баға белгілеуді, сондай-ақ, өнеркэсіп пен ауыл шаруашылығы баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін аңғартты.
Қорытынды
Курстық жұмысымды аяқтай отырып мен мынадай қорытындыларға келдім: инфляция бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оны сатып алу қабілетінің төмендеуін түсіндіреді.
Инфляция бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс жэне өндіріс саласында орын алады.
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшага тән "ғажайып" құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндірісі сэйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүниежүзінде көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Инфляцияның себептері, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы, екіншіден, инвестицияны қаржыландыру жүргізілуімен жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады, үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктың экономиканы ерекшелігіне байланысты, төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі туады, бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол инфляцияны күту нәтижесінде орын алады.
Инфляция - бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі.
Инфляция сұраныс және ұсыныс инфляциясы деп екі түрге бөлінеді.
Сүраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі сұраныс жағынан бұзылады. Мүндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады, бүдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуіне итермелейді.
¥сыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндіріс шығынының өсуіне байланысты, бағаның өсуі. Бүның салдары жалақының өсуіне және энергия мен шикізатқа бағаны котереді.
Шығын инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бірімен-бірі тығыз байланысты және біріне-бірі себепші, оларды анық ажырату мүмкін емес. Қазіргі кез келген экономика жүйесін инфляцияға ұшырататын немесе сұраныс инфляциясына немесе шығын инфляциясына әсер ететін факторлар.
Шығынның өсу қайнар көздері жэне экономика дисбалансының факторлары мемлекет, кәсіподақтар, ірі фирмалар.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады.
Экономикалық саясатты инфляцияға қарсы екі тәсіл бар: бірі-инфляцияға бейімділікті қарастырса, екіншісі-оның анти инфляциялық шараларын жояды. Ақша айналысын реттеуге, ақшаны азайтуға, бағаның шамадан тыс өсуін тоқтатуға бағытталған мемлекеттік саясат инфляцияға қарсы саясат деп аталады. Бұл орайда инфляцияның зардаптарын бейтарантандыру жөніндегі негізгі шараларға мыналар жатады: бағаның өсуін белгілі бір кезеңге қүртуға дейін нарықтың әдістерімен де, әкімшіліктің әдістерімен де баға мен еңбекақыны реттеу, тауарлар өндірісінің төлем қабілеті бар сұраныстың өсуінен артта қалуын жою, қаржы жүйесін сауықтыру, несиені қолма-қол ақша мен қолда жоқ ақша эмессиясын қатайту, ақша реформасын жүзеге асыру.
Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып біз стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Н. Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Алматы: 1997.
- Современная экономика. Учебник Ростов-на-Дону: 1998.
- Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: 1999.
- Курс экономической теории.Под ред. Чепурина М.Н. Москва: 1995.
- Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы: 1998
- Мақыш С.Б Ақша айналысы ж2не несие. Оқу құралы. Алматы: 2000
- Финансы. Денежные обращение.Под ред. Дробозиной J1.A. Москва:1997.
- Антонов А. Г. Денежное обращение, кредиты банки. Москва 1995.
- Жуков С.Ф. Деньги, Кредит, Банки. Москва: 2001.
- Ю.Баймухаммедова «Роль банковской системы в регулирование инфляционных процессов» Вестник КазНУ. Экономическая серия 98г.
- Борисов Е «Экономическая теория» М - 94
- Брю С. Макконелл К «Экономикс»
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» Қазақстан-2030 А. 1992 ж
- Н.Самуэльсон П. Экономикс 1995 1-2 т M.1992
- Саясат 99-5 «Возможные пути улучшения экономической ситуации в РК»