Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың мәні 5 пайызды құрады

Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың мәні 5 пайызды құрады

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz - Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың мәні 2018 жылғы қаңтар-сәуірде жылдық көрсеткіш бойынша 5%-ды құрады. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Ол өсуге тау-кен және өңдеуші өнеркәсіптер, байланыс, сауда, сол сияқты ауыл шаруашылығындағы өсудің жақсару серпіні оң үлес қосты деп атап өтті. Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2018 жылғы қаңтар-сәуірде 28,9%-ды құрады.

«Ақша-кредит талаптары бейтарап деңгейде қалуын жалғастырып  отыр. Алайда 2018 жылдың соңына дейін және 2019 жылы инфляцияның төмендеу қарқынын шектеуі мүмкін тәуекелдердің сақталуы Ұлттық банктің ағымдағы жылы базалық мөлшерлемені одан әрі төмендетуін шектейді», - деді Д. Ақышев.

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы инфляциялық күтулерді басқару және оларды одан әрі төмендету мақсатында болашақта ақша-кредит талаптары неғұрлым қатаң сипат алу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды деп атап өтті.

Похожие материалы