Азия даму банкінің болжамынша, 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция көлемі 8%-ғаөседі. Оған мемлекеттік инфрақұрылымдық жобалар, «Бәйтерек» холдингі мен«Самұрық-Қазына» қоры арқылы бөлінетін қаржы қолдау көрсетеді.
Есепте 2026 жылдың ортасына қарай «Бәйтерек» бір жылға жоспарланған 16,4 млрддоллар несиенің шамамен 6,2 млрд долларын бергені айтылған. АДБ келтірген жоспарғасәйкес, «Самұрық-Қазына» 10,9 млрд долларды инвестициялық шығындарға бағыттаудыкөздеген.
Банк бұл қаржыландыру ішкі сұраныс пен мұнайдан тыс салаларды қолдайды деп күтеді. Сонымен қатар инвестиция өссе, жабдықтар мен өндірісте пайдаланылатын аралықтауарлардың импорты да артады. Осыған байланысты АДБ 2026 және 2027 жылдарытауарлар мен қызметтердің таза экспорты төмендейді деп болжайды.





