Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі зейнетақы жинақтарын заңсыз пайдалану дерегі бойынша бейнежазба жариялады.
Видеода күдіктілерден тәркіленген ірі көлемдегі қолма-қол ақша көрсетілген.
Ведомствоның мәліметінше, 200 млрд теңгеден астам зейнетақы қаржысы жалған медициналық ұйымдар мен 226 дроппер арқылы заңсыз шығарылған. Бұл қаражатқа:
-
600 млн теңгеден асатын 15 автокөлік,
-
Қымбат зергерлік бұйымдар,
-
Пәтерлер, коммерциялық нысандар және жер учаскелері сатып алынған.
Алаяқтық көбіне тіс емдеу қызметтері арқылы жасалған. Осыған байланысты, енді зейнетақы жинағының бір бөлігін стоматологиялық қызметке пайдалану тоқтатылмақ.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





