Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Air Astana Әзербайжанға рейс санын арттырады

Air Astana Әзербайжанға рейс санын арттырады

Air Astana Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы–Баку бағытындағы тікелей рейстерді қайта іске қосады.

15 наурыздан бастап рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Сәуір айынан бастап ұшу жиілігі аптасына үш ретке, ал мамырдан бастап төрт ретке дейін артады. Рейстер дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері жүзеге асады.

Сонымен қатар, әуекомпания Атырау–Баку–Атырау бағыты бойынша тұрақты рейстер санын көбейтеді. 18 наурыздан бастап ұшулар аптасына үш рет орындалады.

Алматыдан ұшу уақыты – 3 сағат 35 минут, Атыраудан – 1 сағат 25 минут. Эконом-кластағы барып-қайту билеттерінің бағасы Алматыдан 157 182 теңгеден, Атыраудан 97 093 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтарына Әзербайжанға бару үшін виза қажет емес.

Ұқсас материалдар