Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АҚШ Алматыдағы жер учаскесін қанша жылға жалға алады?

АҚШ Алматыдағы жер учаскесін қанша жылға жалға алады?

Екі ел арасындағы келісім 2024 жылдың 27 қыркүйегінде жасалған.

Америка Құрама Штаттары Қазақстаннан 49 жылға жерді жалға алады. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлейді. Тиісті қаулы мақұлданды.

 Жер учаскесінің ауданы 70 мың шаршы метрді құрайды. Ал жалға берілетін мерзім – 49 жыл.

Келісімге сәйкес, Америка Құрама Штаттарының үкіметіне Алматы қаласынан АҚШ консулдығы мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін жер беріледі.

«Келісімде жер учаскесін жалға беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Комитет осы заң жобасы жұмысқа алып, қорытынды әзірлейді», – деді заң жобасын таныстырған комитет төрағасы Айгүл Құспан.

Ұқсас материалдар