
АҚШ биыл қарашада Оңтүстік Африка Республикасында өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысудан бас тартатынын қазірден хабарлап отыр.
Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Марк Рубио мәлімдеді, деп жазады «Синьхуа» агенттігі.
«Біз Оңтүстік Африкада өтетін биылғы G20-ға Сыртқы істер министрлігі деңгейінде де, Президент деңгейінде де қатыспау туралы шешім қабылдадық. Көбінесе олардың күн тәртібіне қойған мәселелері және біздің ойымызша, бұл әкімшіліктің басымдықтарын көрсетпейтінімен байланысты», – деді Марк Рубио Сенаттың Сыртқы байланыстар комитетінің тыңдауында.
Өйткені, Құрама Штаттар билігі Оңтүстік Африка Республикасының басшылығымен тіл табыса алмай отыр. Оңтүстік Африка Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының қарым-қатынасы Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса қаңтарда экспроприация туралы заңға қол қойғаннан кейін нашарлады. Наурызда Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Африканың сол кездегі елшісі Эбрахим Расулды елден шығарып, олардың қарым-қатынасын одан әрі шиеленістірді.
Сондай-ақ форумның күн тәртібінде де келіспейтін тұстары бар. Рубио қайшылықты жайттар қатарында адам құқығы, азық-түлік қауіпсіздігі, теңсіздік, инклюзия және тұрақты дамудағы олқылықтарды атап өтті.
Ал, Дональд Трамп наурыз айында «Адам құқықтарын бұзып жатыр» деген желеумен Оңтүстік Африка Республикасына қаржылай көмек беруді мүлдем тоқтатты.