Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақтаудағы ұшақ апаты: Тергеу қорытындысы алдағы аптада жария болады

Ақтаудағы ұшақ апаты: Тергеу қорытындысы алдағы аптада жария болады

Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысы алдағы аптада жарияланады. 

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатында айтты. Ол қара жәшіктердегі жазбаның көшірмелері Ресей мен Әзербайжанда екенін алға тартты.

«Қара жәшік бойынша нақтылап өтсем деймін. Ешқандай залал келмеген, ештеңе жоғалған жоқ. Жазбалар оқылды. Барлық мәліметтің көшірмелері Ресей мен Әзербайжанға берілді. Біз жасыратын ештеңе жоқ», – деді вице-премьер Бозымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжанның Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясына тиесілі Embraer жолаушы ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласынан 30 шақырым жерге құлап, салдарынан 38 адам қаза тауып, 29-ы тірі қалды.

Ұқсас материалдар