Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақылы жол: Бір жылда 74 млн сапар тіркелді

Ақылы жол: Бір жылда 74 млн сапар тіркелді

2025 жылы Қазақстанның ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелген. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.

Қазіргі таңда ел аумағында жалпы ұзындығы 4 883 шақырым болатын 26 ақылы учаске жұмыс істейді. Оның 12-сі I техникалық санатқа (2 231 шақырым), ал 14-і II-III санаттарға (2 652 шақырым) жатады.

Жол қозғалысының құрылымы көлік ағынының ірі қалалар маңы мен негізгі транзиттік бағыттарға шоғырланғанын көрсетіп отыр. Ең жүктемесі жоғары алғашқы бес учаске барлық сапардың 51 пайызын, ал алғашқы он учаске шамамен 73 пайызын қамтамасыз еткен.

Сапар саны бойынша көшбасшы бағыт – Алматы-Қонаев жолы (11,8 млн сапар). Одан кейін Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты (9,3 млн), Шымкент-Тараз (6,5 млн), Тараз-Қайнар (5,4 млн) және Шымкент-Қызылорда (4,8 млн) учаскелері орналасқан.

Сондай-ақ Астана-Теміртау, Қонаев-Талдықорған, Астана-Щучинск, Щучинск-Көкшетау және Астана-Павлодар бағыттарында да көлік қозғалысы жоғары деңгейде тіркелген.

Ұқсас материалдар