Жаңалықтар
«Алматы – Бішкек» автожолында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Шектеу 2026 жылдың соңына дейін, құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін қолданылады. Жеңіл және жолаушылар көлігіне, сондай-ақ белгіленген габариттен аспайтын жүк көліктеріне шектеу қолданылмайды.
"Ірі габаритті және ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерінен маршрутты алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалануды сұраймыз. Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жол белгілері мен қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз", деп хабарлады қазАвтоЖол.





