Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы облысында 84 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Алматы облысында 84 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Өңірдегі 400 мың гектарға жуық бос жатқан жердің 84 100 гектары мемлекет меншігіне өтті.  

Мәліметтерге сүйенсек. 32 мың гектар жер сот шешімімен алынған, қалған 52 мың гектар алқапты жер иесі өз еркімен қайтарып берген көрінеді. Пайдаланылмай бос жатқан жерлердің көбі Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ және Балқаш аудандары аумағында.

Бұл іс-шара ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және жер ресурстарын ұтымды басқару мақсатында жүзеге асып жатыр. 

«Министрліктің қойған жоспарын біз биыл 120 пайызға орындадық. Бірақ Алматыға жақын орналасқандықтан, инвестициялық қызығушылық өте жоғары. Сондықтан бұл жұмыс жалғаса береді», – дейді облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Артықбай Болғанбаев.

Ұқсас материалдар