Алматыда өтіп жатқан «Digital Almaty 2025» дәстүрлі форумы аясында Еуразиялық Экономикалық одақ елдері Премьер-министрлері қатысатын пленарлық отырыс өтеді.
Жиында цифрландырудың негізгі жобалары, жасанды интеллектіні қоғамның әр саласына енгізу және технологиялық даму тақырыбы кеңінен талқыға түседі.
Форумның басты тақырыбы – жасанды интеллектінің экономика салаларында, атап айтқанда қаржы, өндіріс, медицина, білім және тағы басқа бағыттарда қолданылуы.