Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда «Dostar Deluxe» тұрғын үйі мәжбүрлі түрде бұзылып жатыр

Алматыда «Dostar Deluxe» тұрғын үйі мәжбүрлі түрде бұзылып жатыр

Алматыда заңсыз салынған «Dostar Deluxe» аз қабатты тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды.

Нысан «Мәдениет» шағынауданы, 185/8 мекенжайында орналасқан. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында нысанның құрылысқа қажетті құжаттары толық емес екені анықталған. Осыған байланысты меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, жер телімін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берілген.

2024 жылғы 5 тамызда басқарма нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арызды сотқа жолдаған. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапты толық қанағаттандырды.
Ал 2025 жылғы 27 наурызда Алматы қалалық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот шешімінен кейін материалдар Әділет департаментіне жолданып, оның аясында меншік иесі нысанды бұзып, аумақты қайта көмуді бастады.

Ұқсас материалдар